Қазақстанның орта ғасырлар тарихында Оғыз мемлекетінің алатын орны қандай?

Түрік, түркімен, әзірбайжан, түркомандар және Иранды мекендейтін түркі тілдес халықтардың бастауы Дамыған ортағасырларда Сырдария бойында өз мемлекетін құрып, Жетісудан көшіп келген Оғыздардан бастау алады.

Анадолия түбегіндегі түріктер өздерін осы Оғыздардан таратады.

Оғыз атауын мағынасын әлікүнге тарихышлар нақты айта алмайды.

Бірнеше жорамалдар бар.

  • Батыс түрік қағанатындағы оғ (бірлестік) ұғымымен байланыстыратындар бар.

Ерте ортағасырларда Оғыз атауымен бірнеше тайпалық бірлестіктер өмір сүрген.

  • Отыз Оғыз, Үш Оғыз - бұл бірлестіктер Шығыс Түркістанда өмір сүрген.

Біздің Қазақстан жерінде Дамыған ортағасыр кезінде өмір сүрген Оғыз мемлекеті - өздерін Батыс Түрік және Түргештерден тарқатады.

744 жылы Шығыс Түрік қағанатының құлауымен батысқа қарай жылжыған Қарлұқтар Жетісудағы Оғыздардың Сырдария бойына ығыстырды.

Оғыздар - Сырдария бойында өз мемлекетін құрды.

Оғыздар туралы - Ортағасырлық деректерде кездеседі. Тіпті Оғыздардың Киев Русімен бірігіп, Хазарларды, Бұлғарларды талқандағаны белгілі.

Оғыздардың мекендеген жері - араб-парсы деректерінде Сахра әл-гуз, Мафазат әл-гуз, Дешт әл-гуз деп аталады. Яғни Оғыз даласы.

Оғыздардың бірнеше халықтардың пайда болуына әсер еткені белгілі. Түркі халықтары ортағасырлық Оғыз, Қыпшақ, Қарлұқ топтарына бөлінеді.

Яғни, Түріктердің, Әзірбайжандардың, Түркімендердің, Түркомандардың, Ирандық түркілердің тарихи Отаны - Қазақстан.

Түріктердің, Әзірбайжандардың,Түркімендердің, Түркомандардың, Ирандық түркілердің әдебиетінің ұқсастықтары көп. Тарихи жырларындағы кейіпкерлер ұқсас. Қорқыт ата, Көрұғлы жырлары барлық халықтарда кездеседі

Түрік, түркімен, әзірбайжан, түркомандар және Иранды мекендейтін түркі тілдес халықтардың бастауы Дамыған ортағасырларда Сырдария бойында өз мемлекетін құрып, Жетісудан көшіп келген Оғыздардан бастау

Сурет ғаламтордан алынды