Х ғасырда өмір араб саяхатшысы, Әбу Дулаф әл-Хараджи ( лақап аты Мисъар ибн әл Мухалхил) - түркі халықтарын әлемге таныстырушылардың бірі. Ол Ұлы Жібек жолы арқылы қытай саудагерлерімен бірге саяхаттап, түркі халықтарының жерімен өтіп, көрген-білгенін қағазға түсіріп, таныстырған саяхатшы, географ,ақын.
Оны саяхаттаған уақыты Самани дәуірі кезеңімен байланысты болды. 942 жылы Самани жеріне келген қытай елшісімен бірге саяхаттаған болатын. Жалпы керуен сапары екі мемлекет арасындағы құдалық мәселесі болған. Бірақ бұл мәселенің шешілгенін не шешілмегенін анық білмейміз. Бірақ бізге қарлұқ, оғыз, қимақ, қарахан елдерінің шаруашылығымен таныстыруы бізге жеткен.
Қимақтар туралы: "қамыс өсіріп, қамыспен жазатындығын" айтады.
Оғыздардың бас ордасы тастан, ағаштан, қамыстан салынғандығы мәлімдейді.
Қарлұқтар мен қимақтар азық үшін бадана, бұршақ және арпа егетіндігін айтады.
Әбу Дулаф қимақтар елін 35 күн жүріп өткен.
Бұхарадан - Қытай мемлекетінің астанасына дейінгі 200 күндік сапар - құнды мәліметтерге толы. Әсіресе, түркі халықтарының шаруашылығын баяндауда
Сурет ғаламтордан алынды
Кейін Әбу Дулафтың жазбалары жинақталып, бірнеше рет кітап болып басылып шықты. Бұл кітап әлікүнге құнды