Қазіргі кезде оғыз атауының мағынасы мен құрылуы уақыты жайлы бір тоқтам жоқ. Бірақ ешкім Оғыз мемлекетінің құрылуына шүбә келтіре алмайды. Сырдария өзені мен Арал теңізінің бойында өмір сүрген Оғыз мемлекетінің құрылуы уақыты жайлы бірнеше жорамалдар бар. Біреулер оны ІХ ғасырда құрылды десе - Екіншісі 766 жылы құрылды дейді. Оғыз мемлекеті ІХ ғасырда құрылды дейтіндер - 840 жылы Саманиліктердің Қарлұқ қағанатына шабуылдап, ірі қалаларын басып алумен байланыстырады. Яғни, Қарлұқ қағанаты әлсіреген тұста - Оғыздар өз мемлекетінің құрылғандығын жариялады дейді. Ал, Оғыз мемлекеті 766 жылы құрылды дейтіндер - 744 жылы Ұйғырлардың қысымымен батысқа қарай ығысып Жетісуға қоныстанған қарлұқтар 751 жылы Атлах шайқасына шешуші түрде әсер етіп, өз мемлекетін құру мақсатында әлсіреген Түргештермен соғысты дейді. 756 жылы Жетісуда өз мемлекетін құрған қарлұқтар Түргештермен 766 жылға дейін соғыс жүргізіп, толық талқандаған. 766 жылы Жетісудағы түргештерді толыққанды бағындырған қарлұқтар -
Оғыз мемлекетінің құрылуы мен "оғыз" атауының мағынасы жайлы жорамалдар
28 декабря 202328 дек 2023
13
1 мин