Ортағасырлық кезең Қазақстан тарихында 552-1715 жж. қамтиды. Осы кезеңде Қазақстан аумағы арқылы өткен көптеген саяхатшылар, осы жерді мекендеген тайпалар, мемлекеттер туралы ауқымды тарихи деректер қалдырған.
Бұл деректерді екі түрге бөлуге болады
1. Кезең бойынша
- Ерте ортағасыр саяхатшылары
- Кейінгі ортағасыр саяхатшылары
Кейде Қазақстан тарихын үшке бөлетін ғалымдар осы екі кезеңнің ортасына екінші кезеңғып - Дамыған ортағасырды қосады.
2. Саяхаттап жүрген адамдардың халықтарына тиесілі
- Еуропалық
- Арабтық
- Парсылық
- Қытайлық
- Ортаазиялық
Осы топталардың ішінде парсылық және Ортаазиялық саяхатшылар мен тарихшылардың жазған деректері шынайы.
Еуропалық саяхатшылардың деректері Моңғол хандарына сапар шеккен Марко Поло, Плано Карпини, Гильом Рубрук мәліметтері мен еңбектеріндей айтылған. Әлбетте, бұлардың деректерінде моңғол шапқыншылығының салдары жақсы жазылған. Тарихи тұлғалар нақты көрсетілген.
Қытай саяхатшыларында Ортағасырлық Қазақстан аумағындағы қалалар суреттелген.
Ортаазиялық деректерінде Қазақ хандығының құрылуы, Қазақ хандары нақты көрсетілген. Ортаазиялық деректер тапсырыспен жазылғандықтан бұрмалаушылық бар. Дегенімен, бұрмалаушылыққа қарамастан басқа халықтардың саяхатшылары жазған деректерге қарағанда - мәліметтер толық, ауқымды
Сурет ғаламтордан алынды