Мұқыры ауылдық округіне қарасты Қалқа ауылының қазіргі реңкі ХХ ғасырдың 60 жылдары Нұрмолда Алдабергеновтың басшылығымен қалыптасқан. Ол кезде Мұқыры ауылдық округі кеңестік идеологияның басты теоретигі Карл Маркстың атымен аталған. Карл Маркстың Мұқыры ауылдық округіне еш қатысы жоқ. Ол ХІХ ғасырда Германияда өмір сүрген. Мұқыры ауылы өзінің географиялық орналасуын бірнеше мәрте өзгерткен. Тіпті әкімшілік бірлік жағынан Андреев, Қаратал, Көксу аудандарына қарап отырған. Карл Маркс атауына дейін Сталин деп аталған. ХХ ғасырдың 20-40 жылдары Мұқыры ауылдық округінің аумағында бірнеше ұжымшарлар болған. Ауылдық округ деген атау еліміз Тәуелсіз алғанан кейін ғана қалыптасты. ХХ ғасырдың 20-30 жылдары Мұқыры жерінде "Бөлекши" ұжымшары болған. Жалпы Бөлекши атауы Ресей империясының ХІХ-ХХ ғғ. деректерінде кездеседі. Ол жерде Бөлекши атауы - Бүлекши деп аталады. Мағынасы - қамысты үй, бөлек жер деген мағынада. Отырықшы қазақтар үйін саманнан тұрғызып, үстін қамыспен жапқан. Атау осыдан қал
Мұқыры ауылдық округінің тарихы. Бөлекши ұжымшары
21 января 202421 янв 2024
9
1 мин