Жетісу облысы, Көксу ауданына қарасты Мұқыры ауылдық округінің тарихы - Кеңестік кезеңнен басталмайтындығы анық. Бірақ ауылдық қазіргі реңкі Кеңестік кезеңде қалыптасқан. Мұқыры ауылы Кеңестік кезеңде құрылысы бірнеше рет қайта жоспарланып, бірнеше рет өзінің орнын ауыстырған. Бұл ауыл аумағы Ресей империясының отарлық кезеңіндегі Түркістан өлкесінің Жетісу облысының Қапал уезінің Тау Жалайыр болысы №7, мен Сыпатай болыстарының №1, №2, №4 ауылдарына қараған. Қазіргі әкімшілік аумақтық бірлестік есебіндегі ауыл мен Ресей империясының отарлық кезеңіндегі ауылдық көлемі өзгеше. Ресей империясының кезінде ауыл деп ары-кетсе 50 түтін қоныстанған елді-мекенді айтқан. Жалпы Мұқыры ауылдық округімен аттас өзеннен басқа тауды осы атаумен атайды. Мұқыры тауы қазіргі кезде біраз жерді алып жатыр. Еш өзгермеген. Жер қыртысында аса бір өзгерістер болмаған. Ресей империясының отарлық кезеңінде 1910-12 жж. Мұқыры таулары тас көмірдің кенін іздеу бойынша барланған. Бірнеше шахталарда салыңған. Әзірше
Мұқыры ауылының Ресей империясының отарлық кезеңіндегі тарихы
13 января 202413 янв 2024
11
2 мин