Найти тему

МҰҚЫРЫ АУЫЛЫНЫҢ АТАУЫНЫҢ ТАРИХЫ ЖАЙЛЫ

Еліміздегі әрбір елді-мекеннің тарихын білу не оның тарихи атауын қайта қайтару Тәуелсіздік алғаннан кейін басталып кеткен отарсыздану үрдісінің бір көрініс еді. Әлбетте бұл үрдісті жылжытуда кейбір әсіресешілдікпен қатар тарихқа шындыққа мүлдем қатысы жоқ, тіпті ойдан құрастырылған ақпараттардың өзінше тұрақтануы тіпті шындыққа айналу әрекеті тарихымызды тануда үлкен дау-дамайға қателіктерге ұрындырып жатыр. Соның бірі - бір кездері Алматы облысы (қазіргі Жетісу облысы, ескерте кеткен жөн 2022 жылы Алматы облысының аумағы екі облысқа бөлінген Алматы және Жетісу) Көксу ауданына қарасты Мұқыры ауылдық округінің атауына байланысты шыққан дау еді. (Менде сол дауға байланысты - тарихи пайымымды айтамын деп басым дауға қала жаздағаны бар еді, Мен оны осы тақырып бойынша өз пікірімді айтқан болатынмын. Ол шамамен 7-8 жыл бұрын шығар). Елді-мекен атауын Тәуелсіздік алғаннан кейін Мұқыры деп ауыстырылғандығы еді. Ол ауыл Кеңестік кезеңде КОКП бас хатшысы Сталин есімімен аталса, кейін Сталиннің жеке басына табынушылықты айыптағаннан кейін Коммунистік идеологияның негізін салушы Карл Маркстың атауымен ауысқан болатын. Бұл ауыл Кеңестік билік орнағанға дейін Патшалық Ресей заманында болған еді. Әлбетте ол кездегі атауы Тау-Жалайыр, Сыпатай болыстарына қарасты № белгіленген бірнеше ауыл ретінде болған. Ресей империясы кезіндегі ауыл мен кеңестік кезеңнің ауылының ауқымы жер мен көктей. Қазіргі Мұқыры ауылдық округының аумағында - Ресей империясы тұсында Сыпатай болысы мен Таулы Жалайыр болысының шекаралас ауылдары қоныстанған. Мұқыры тауын екі болыстық ел бөлісіп отырған. Ресей империясы кезінде ауылдағы азаматтардың саны аз болса, Кеңестік кезеңде ауыл деп ұжымшарды не артельды атағаны белгілі. Кейде ауылдың ішіне кеңшарды кіргізіп отырған. Осыған байланысты Мұқыры елді-мекенінің көлемі кеңейіп отырған(Бөлекши колхозы, Сталин колхозы, Карл Маркс колхозы атауларымен өзгеріп). Кеңестік кезеңде Мұқыры ауылының аумағы бірнеше мәрте өзгеріп ауысқанын айтып өттік. Тіпті осы ауылдың Кеңестік кезеңде өмір сүрген халық ақыны атанған Қалқа Жапсарбаевтың өмірдастанында туған ауылы топонимдік атаумен емес № (номерьмен) көрсеткенін айтып өткен жөн. Иә, енді осы Мұқыры атауы қайдан шықты неге халыққа ұнамады дегенге тоқталсақ. Мұқыры ауылының жанында шолақ, көлге құймайтын, тұйық өзен Мұқыры ағып жатыр. Кеңестік кезеңде елді-мекендер ұжымшар-кеңшар атанғанын білеміз, ал ауыл болса Мұқыры атанып, бірде түсіп отырғанын тарихтан белгілі. Оған себеп Кеңестік кезеңде әкімшілік бірлестік – ауыл, басқару түрі – ұжымшар болған еді. Соған байланысты Тәуелсіздігімізді алған тарихи атауды қайта орнықтыруда Мұқыры атауына тоқталған болса керек. Енді неге уақыт өте бұл атаудың халыққа ұнамай қалды соған тоқталсақ. Иә, Тәуелсіздік алғаннан бастап еліміздің ғалымдары төл тарихымызды түгендей бастады. Бірақ ел тарихын түгендеуде мұрағат құжаттарына зер салмай, тіпті ауызша деректер сараптамай өздігінше шығармашылыққа ден қойғандардың жазусымақтар мен всебдотарихшылардың ізденістерінен шым-шытырық тарихи шындыққа жанаспайтын, тарихилығы кәсіби тарихшылардың құптауына, мойындауынан өтпеген кітаптар қаптап кетті. Сондай кітаптардың бірі, тікелей Мұқыры ауылының атауына тікелей әсер еткен тарихта болған болмағаны белгісіз Қазыбек Тауасарұлының «Түп тұқияннан маған дейін» еңбегі еді. Осы еңбекте алғашқы болып Жетісу облысы Көксу ауданын Лабасы және Мұқыры топоноимдеріне анықтама береді. Ол жерде Лабасы мен Мұқыры атаулары Қалмақ батыры делінеді. Иә, қалмақтың батыры болса не дерсіздер. Тіпті қалмақтың батыры болса яғни, ауыстыруымыз керек дейтін шығарсыздар. Ау, қарақтарым, Жетісуда жүрген қайдағы қалмақтар. Қалмақтар Еділ бойында болған емес па?. Олардың ұшып қонбаса қалмақтардың Жетісуға тап болуы мүмкін емес ғой. Қазақтың Жетісу жері Жоңғарлармен шекараласқан. Тарихи деректерде, Қазақ халқының шежірелерінде Жоңғарлар – жоңғарлар, қалмақтар-қалмақтар деп аталған. Олар екеуі туысқан халық болса да өздерін өз атауымен атаған. Тіпті сол Қазыбек Тауасарұлының «Түп-тұқияннан өзіме шейін деген» еңбегін қабылдаймыз ба деген тартыста жазушы Қабдеш Жұмаділев ол кітапты мойындамауға көп күш салған болатын. Жазушыларды қоя тұрып кәсібіи дипломы бар тарихшылардың бірде-бірі бұл кітапта тарихи дерек есебінде қарастырмайды, тіпті мойындамайды. Бұл тақырып бойынша кәсіби тарихшылармен тілдессеңіздер болады. Кәсіби тарихшыларда аталмыш кітап бойынша нақты біртоқтамды пікір айтпас. Себебі, кәсіби тарихышлардың көпшілігі аталмыш еңбекті дерек ретінде қарастыруда бір тоқтамға келген жоқ. Бұл кітапты көбіне кәсіби тарихшыларға қарағанда тарихқа әуесқойлықпен қызығушыларға арналған секілді. Сенсация қуғандар насихаттап жүр десек болады. Бұл кітапта мойындамайтын соншалықты не бар дейтін шығарсыздар. Қазақтың ханы Абылай хан қазақтың баласы емес өзбектің баласы деп жариялап, тарихи оқиғалардың болу уақытымен жаңылысады. Мысалы: 1). кітап жазу стилі XVIII ғасырға сәйкес келмейді 2). Тарихи тұлғаларды кемсіту баршылық. Бұқар жырауды кемсіту бар. 3). Абылай хан емес Жолбарыс ханда төре тұқымынан емес делінеді. 4). Оқиғалардың басталуы мен аяқталуы үзіліп қалып отырады. 5). Жер-су атауларында біраз сәйкессіздіктер баршылық. 6). Қазыбек Тауасарұлы мен Өтеген батырдың Еуропаға саяхатқа шығуыда шым-шытырыққа толы. Иә, сіздер айтуыңыз мүмкін даталармен не Абылай хан не Жолбарыс хандардың ата-тегі болса ауытқыған болар деп. Егер, сіз кітаптағы Лабасы мен Мұқыры атаулары қалмақтардың батырлары деп мойындасаңыздар онда Абылай хан Уәли ханның баласы ғана емес сарттың баласы деп, қосымша кітаптағы мәліметтер бойынша деректерді мойындауыңыз керек болады. Тарихи дерек ретінде жазылған және соған сілтеме ретінде пайдаланған кітаптың бір бетін мойындаймын, келесі бетіндегі мәліметтерді мойындамаймын деген болмайды. Бұлайша ойлау үлкен дау-дамауға әкеледі. Сондықтанда бұл кітапты сенсация қуғандар оқып, фольхистори жанрында өз уәждеріне дәйек есебінде қолданбаса тарихшылар мүлде ақтарыпта қарамайды. Сонымен Мұқыры атауын Жетісудағы қалмақ батырынан тыс Мұхор топономинің ойрат тілінде шолақ өзен, қысқа қол, тұйық өзен деген мағынасымен байланыстыратындарда бар. Тіпті сол Ойрат халқының Мухуруу – нулы жер деген сөзіде бар. Ойрат халқы былай тұрсын Мұқыры атауы біздің елде көптеп кездеседі, Орталық Қазақстанда, Шығыс Қазақстанда да, Батыс Қазақстанда бар. Тіпті Қазақ халқының жазба әдебиетінің негізін салушы ғұлама ойшыл Абай Құнанбайұлы Мұқыры болысында әкімші болған. Елордамыз Астана қаласының маңында да Мұқыры атауына ұқсас Мұқыр өзені бар. Мәселен, Т. Жанұзақтың редакциялауымен шыққан 2008 жылғы «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі»-нің 601-бетінде Мұқыр сөзі тұқыл, тоқал деп айтылған, ал 822 бетінде тұқыл сөзі қысқа, мұқыл мүйіз деп айтылады. Яғни, Мұқыры, Мұқыр атауы қысқа, бөлек мағына беретін сыңайлы. Жалпы алғанда біз өзімізше Мұқыры атауының мағынасын іздегенде тарихта болған-болмағаны белгісіз Қазыбек Тауасарұлының дау-дамайға толы еңбегін бірінші дерек деп адасып жүрген болуымызда мүмкін. Бұл атау кәсіби түркітанушы лингвистер зерттейтін мәселе. Тіпті бұл Мұқыры атауы Қазақтың көнерген сөзіде болуыда мүмкін. Бұны Т.Жанұзақтың «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» айғақтап тұрғандай. Сондықтанда анау айтыпты, мынау айтыпты деп жүгіріп, атқа қонып жинала салып ойбай қалмақтың есімі екен оны Бақай батыр өлтіріпті екен ата жауымыздың есімін иеленіп отыр екенбіз деп эмоцияға салып, елді дүрліктіріп жүріп шешіп жіберуден аулақ болайық. Себебі, әдеби шығармалар мен всебдотарихи шығармалар шынайы ақиқаттан алыс жазылады. Ақиқатты жеткізетін тек тарихи факттар, ғылыми ізденістер, тілдік талдаулар. Сондықтан да тарихты тануда адаспайық, тек факттілерге сенейік, сенімсіз деректерді көпірше қылдыра бермейік. Деректі еңгізбес бұрын оны қабылдап, мойындап барып, сүзгіден өткізген жөн және сол сараптамадан кейін ғана елді-мекен атауын өзгерткен жөн секілді.