Найти в Дзене

Неге 2010-2011 жж. араб елдеріндегі азаматтық толқу - "араб көктемі" деп аталды?

2010 жылы желтоқсан айында араб елі Тунис мемлекетінде қоғамнан өз орнын таба алмаған - күнкөріс қамымен нәпақасын асырып, отбасын асырап жүрген Мұхаммед Буаззиди есімді жігіттің - мемлекеттік жүйеге қарсы жергілікті әкімшіліктің алдында өзін отқа өртеуімен басталған наразылық, қоғамның наразылығын туғызып - араб елдерінде жаппай наразылыққа ұласқан болатын. Наразылық Ирак, Тунис, Египет, Алжир, Ливия, Марокка, Бахрейн, Ливан, Оман елдерінде орын алған болатын.

Күйікпен ауруханаға түскен Мұхаммед Буаззидің жағдайын Тунис президент Мұхаммед Бен Али барып білген болатын. Мұхаммед Буаззиди істеген әрекеті үшін анасынан кешірім сұраған болатын. Бұл жағдай ушығып Тунис президентінің елден кетуіне себепкер болды. Жалпы, Тунис басқа араб елдері сияқты мұнайға бай емес. Мемлекеттің кірісі туризмнен. Туризмді дамытуға президент Бен Али көп күш жұмсаған. Бірақ туризмнен түскен қаржының біраз бөлігі жаңа жұмыстарын ашуға емес Бен Али отбасына жұмсалды.

Қазіргі таңда Тунис халқының біраз бөлігі Мұхаммед Буаззидің іс-әрекетін айыптайды. Себебі, саяси тұрақсыздықтан туризм саласына қаржы салған шетелдік инвесторлар өз еліне кетіп қалды.

Жалпы, Мұхаммед Буазиидің іс-әрекетін толыққанды ақтап алу, даттау қиын.

Араб елдерінде жаппай басталған наразылық Ливияда - Каддафи, Египетте - Мүбаракты билігінен түсірді.

Ливия, Сирия - азаматтық қарсыласу азамат соғысына ұласты.

Неге бұл толқулар - "араб көктемі" деп аталды?

  • Наразылық көктем айында басталған жоқ, біткен жоқ.

Тарихтың спираль түрде дамитындығына байланысты - 2010-2011 жж. араб елдеріндегі наразылықтың - Еуропа 1848-1849 жж. революциясына ұқсастығына байланысты "көктем" деген тіркеспен атайды. 1848-1849 жж. Франция, Австрия-Венгрия, Италияда, Германияда орын алған революциялар - "Халықтар көктемі" деп аталған. Толқуларды - көктем мезгілімен байланысты азаматтық саяси оянуды меңзесе керек.

"Араб көктемі" толқуының әсерімен

  • Ондаған жылдар бойы билік тізгінің ұстап тұрған адамдар биліктен кетті.
  • Ондаған жылдар бойы жарияланған төтенше жағдай алынып тасталынды.
  • Алуан түрлі пікірлер орнықты.
  • Парламенттің билігі күшейтілді.

Бірақ көптеген елдерде наразылық азамат соғысына ұласып, өмір жағдайы қиындап, адамдар босқынға айналды, экономикалық өсім төмендеді

-2

Суреттер ғаламтордан алынды

D - сынау, өлшеу

  • Араб елдеріндегі 10 жылдық билік құрған режимдер мемлекеттерді дағдарысқа әкелді. Араб елдеріндегі халықтың тұрмыс деңгейі түсіп кетті

E - құбылыс

  • Наразылықтар бірнеше араб мемлекеттерін қамтыды. Наразылықтарды сырттан және іштен әсер етуші күштер болғанымен, наразылықтардың басшылығы көрінбеді.

A - қорытынды жасау

  • Әлеуметтік мәселелер шешілмей, жинақтала берсе - бұқаралық наразылыққа әкеледі

L - болжам жасау

  • Мұндай наразылықтар 1848-1849 жж. Еуропа елдерінде болған. Бұл наразылықтардан кейін дағдарыс - араб елдеріндегі жағдайды ашқанмен, алдыңғы он жылдықтарда араб елдерін қамтып өтетін наразылықтар күтілмейтін секілді (саяси өзгерістерді талап ететін)