Найти в Дзене

1848 жылғы Австриядағы революцияның - Германия мен Италиядағы революциядан ерекшелігі неде?

1848-1849 жж. Еуропада буржуазиялық революция - Австрия, Франция, Италия мемлекеттерінде, Германия князьдықтарында жаппай басталып, қатар өрбіген саяси үрдістердің бірі. Тарихтың спиральды дамитындығын назарға алсақ - мұндай құбылыс 2010 жылдары Араб елдерінде "Араб көктемі" атымен өрбіген болатын.

Революциялық ахуалдың бір уақытта бірнеше мемлекеттерде қалыптасуы және қатар өрбуі нонсенс. Осысымен 1848-1849 жылдардағы Еуропадағы революция - араб елдерінде өрбіген "араб көктемі" ахуалымен ұқсас. Сондықтанда екі наразылықты - халықтардың саяси оянуын көктем мезгілімен байланыстырған болар.1848-1849 жж. "Халықтар көктемі" деп аталса 2011 жылғы араб елдеріндегін саяси толқуды "араб көктемі" деп атады. Бірақ екі тарихи үрдістің айырмашылықтары жер мен көктей.

1848 жылы

- Франциядағы Шілде монархиясының дағдарысы басталған болатын

- Австрияда К. Меттерних реакциясы дағдарысқа ұшырай бастады

- Германияда саяси бытыраңқылық болды.

- Италияда да осындай жағдай орнықты

Буржуазиялық қатынастар орныққан Францияда Бурбондар әулетіне қарсы наразылықпен басталып, Республика орнатумен тез аяқталды. Әрине, Революциялық наразылықтар болған Париж қаласында - көше соғыстары жүрді. Жүздеген адам қаза тапты.

Ал Австрияда, Германия, Италияда жағдай мүлде басқаша болды.

  • Австрияда революция - түрлі халықтардың арман-тілегі негізінде өрбіді. Австриялықтар феодалдық қатынастарды жойып, буржуазиялық ерекшеліктерді орнықтырғысы келді. Зиялы қауым реакционер премьер-министр К. Меттернихтің биліктен кетуін талап етті. Шаруалар болса жер талап етті. Бірақ Австрия құрамындағы венгрлер - Тәуелсіздік үшін күреске шықты. Габсбург әулеті өз билігін сақтап қалу үшін - австриялықтардың талап-тілегін ескере отырып, К. Меттернихты биліктен алып - Венгриядағы көтерілісті Ресейдің күшімен басты
  • Германиядағы наразылықты елді төменнен біріктіруді мақсат ете отырып, феодалдық қарым-қатынастарды жойып, буржуазиялық ерекшелектерді орнықтырғысы келді. Елді біріктіруге бағытталған парламент шақырыла отырып, Герман империясын тағын - Пруссия короліне беріп еді. Король билікті алудан бас тартты. Ел бірікпей қалды.
  • Италиядағы революция - елді біріктіруді көздегенімен керітартпа, монархистердің әрекетімен жүзеге аспады.

Австрияда революцияның Германия мен Италиядан ерекшелігі - әртүрлі бағытта болса да бір мемлекеттің аясында өрбіді. Германия мен Италияда он шақты мемлекет болды.

Австриядағы революционерлер халықты - К. Меттернихты билікті тайдыру мақсатында топтастыра білді.

Австриялық революционерлер - монархияны жоюды көздемеді. Осы жағдайды Габсбург әулеті өз мақсатына пайдалана білді, көтерілісшілердің талабын орындай отырып, өз билігін сақтап қалды

Сурет ғаламтордан алынды