1939 жылы 30 қараша күні Кеңес Одағының қарулы күштері Жұмысшы-шаруа қызыл әскерінің арандатушылық (мүмкін ІІХК әскерімен, жорамалдар көп) әрекетімен басталған басқыншылық соғыста – Финляндия мемлекетіне көптеген Еуропалық, Латын Америка және Солтүстік Америка мемлекеттері қолдау көрсеткен болатын. Әрине, КСРО мемлекетінің Финляндия мемлекетіне жасаған басқыншылығы халықаралық жағдайлардың ушығуымен туындаған, шекара мәселесі аясында тұтанған соғыс болған болатын. Финляндияның Кеңес басқыншылығына төтеп беру үшін көптеген елдер қолдау білдірді. Еуропа мемлекеттері әскери техникаларын жіберді. Тіпті көршілері Швеция, Дания, Эстония, Латвия мемлекеттері өз еріктілерін жіберді. Осы әскери техникалық көмектің арқасында Финляндия өз әлеуетін көтеріп алды. Бірақ Финляндия мемлекеті сыртқы көмекке қарап қалмай, соғыс басталмай тұрып өзін қарумен қамтамасыз етіп, тіпті өзі шығарған «Суоми» пулемет-пистолетін экспортқа шығарып үлгерген болатын. Жалпы Финляндия Кеңес Одағы тарапынан болып қалуы мүмкін басқыншылыққа қалай дайындалды? Бұл 1939-1940 жж. Кеңес-фин соғысын талқылағанда басты қойылатын сұрақтардың бірі. Себебі, финдіктер КСРО тарапынан болып мүмкін соғысты қысымдар арқылы сезді. Бұған тарихи оқиғалар куә. Финляндия мемлекетінің Тәуелсіздігінің алғашқы бес жылдығы өте ауыр болды. Ресейдегі большевиктік билік тарапынан қолдау тапқан солшыл күштер Финляндияда Кеңестендірудің сәтсіз әрекетін жасап көрген болатын. Осы арандатушылыққа жауап бере білген Финляндия Азамат соғысында өз Тәуелсіздігін сақтап қалды. Азамат соғысынан кейін екі ел арасындағы қарым-қатынастар шиеленісіп, бір-бірінің аумағында ресми түрде жарияланбаған соғыс қимылдар жүргізді. 1920-1921 жж. Карелия түбегі үшін соғыс Кеңестік Ресей мен Финляндия арасындағы жағдайды ушықтырып, екі елдің шекарада әскер ұстап тұруына әсер етті. Екі елдің мемлекеттік шекара сызығының Кеңес Одағының Ленинград қаласының жанынан өтуі үлкен соғыстың болатындығын байқатты. Фин тарапы Кеңес Одағымен құрлықтық шекарада қорғаныс шептерін сала бастады. Бұл құрылыстарды Финляндия өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін салса, КСРО тарапы бұл құрылыстың жаулық негізде қабылдады. Финляндия тарапынан салынып бастаған құрылыс кешендері саясаткерлердің әсерімен бірде тоқтап, бірде қайтадан басталып отырды. Құрылысты аяқтауда қаржылық тапшылық көрген Финляндия үкіметі қорғаныс шептерін салуда ашықтық білдіріп, халықтан қаржы жинады. Жалпы құрылыстың салынуы Финляндия халқы үшінде КСРО үкіметі үшінде құпия болмады. Бірақ Финляндия үкіметі салып жатқан қорғаныс шептері француздық Мажино қорғаныс шебі секілді күрделі болмады. Германияның бірінші дүниежүзілік соғыстағы Гинденбург қорғаныс шебіне дзоттық орналасу жағынан ұқсас болғанымен Финляндия табиғатына ерекшеленген түрі болды. Финляндия табиғатының орманды, сазды, көлді, өзенді болуы қорғаныс шептерін мейлінше жасырды. Кейін бұл қорғаныс шебі – Финляндия мемлекетінің бас қолбасшысы Карл Густав Маннергеймнің атына Маннергейм қорғаныс шебі деп аталды. 1939-1940 жж. Кеңес-фин соғысында КСРО тарапының негізгі соққысын осы Маннергейм қорғаныс шебі өзіне қабылдады. КСРО тарапы Маннергейм қорғаныс шебінің әлеуетін жоғарырақ бағалады. Бәлкім, КСРО тарапының негізгі шығыны осы Маннергейм қорғаныс шебінде болғандықтан болар.
[1]
Жалпы Финляндия мемлекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қарулы күштері 1917 жылы елдің өз Тәуелсіздігін жариялағаннан кейін 1918 жылы шекараны күзету атымен құрылған болатын. Финляндия қарулы күштерінің құрылу тарихы бұрынғы Ресей империясының генерал-лейтенанты, бірінші дүниежүзілік соғыстың атақты ардагері, Карл Густав Маннергейм есімімен байланысты. Ол Ресейде монархиялық биліктің орнына келген Уақытша үкіметтің орнына келген Кеңестер өкіметі орнай бастаған тұста Финляндияға келген болатын. Финляндияға келе салысымен ел парламентінің шешімімен қарулы күштерін және оның негізін құраған ресми қарулы күштерден тыс тұратын шюцкор ерікті жасағы құрады. Шюцкор ерікті жасағы Азамат соғысы жылдарында жұмысшылардың қызыл жасақтарын, әскерін талқандауда шешуші роль атқарған болатын. Шюцкор ерікті жасағына 17 жастағы бозбала (ұл) мен бойжеткендерде (қыз) алынды. Қыздар көбіне санитарлық медбике қатарында болды[2]. Табиғатынан қысы қатал, орманды, көлді аймақты мекендейтін финдіктер жастайынан мылтықты қолдануды білді. Бұлда шюцкор және қарулы күштердің ер азаматтарға мылтық игеруді үйретуді мейлінше жеңілдетті. Ресей империясы кезінде автономиялық Финляндия князьдігі өз қарулы күштерін иемденіп, Финляндия аймағында азаматтық борышын өтеуі – қорғаныс күштерін кадрлық жағынан нығайтқан болатын. Әрине, сырттанда көмек болды. Финляндия қарулы күштерін құруда Ұлыбритания, Германия, Франция кеңесшілерінің көмегі зор болды. Бірақ Финляндия қарулы күштерін құруда автономиялық Финляндия кезеңінің офицерлеріде елеулі үлес қоса білді.
Жоғарыда атап өткендей, Финляндия мемлекеті өзінің қарулы күштерін Отандық пистолеттер мен пистолет-пулемет (автомат) –тармен қамтамасыз ету мәселесін өз күшімен шеше білді. Оған Аймо Лахти есімді өнертапқыштың көмегі зор болды десек қателеспейміз. Ол Lahti L-35 пистолет, «Суо́ми» KP/-31 пистолет-пиломет, Lahti-Saloranta M/26 қолды пулеметтер сериясын шығарып, максим пулеметін жетілдірді. Ол жетілдірген Максим пулеметі минутына 800 оқ атты. Ол шығарған өнімді Финляндия мемлекеті жүйелі түрде экспортқа шығара білді. Финляндия әскері Аймо Лахти шығарған қарулармен жарақтандырылды. Аймо Лахти шығарған қарулар Финляндиялықтарға өз мемлекетін қорғауға көмектесті.
Lahti L-35 пистолет. 1935 жылы жасалып, 1939 жылы қолданысқа енді.
«Суо́ми» KP/-31 пистолет-пиломет. 1931 жылы қолданысқа енді
Lahti-Saloranta M/26 қолды пулеметі. 1926 жылы жасалып, 1930 жылы қолданысқа енді [3]. Кейінгі автоматтар осы финдіктердің өнертабыстық үлгісі негізінде жасалды.
Кейін соғыс біткеннен кейін Кеңес Одағы Финляндияның «Суоми» автоматын өзіне бейімдеп ППШ автоматын шығарды[4]. КСРО мемлекетінің Екінші дүниежүзілік соғыста шығарған ППШ автоматтық қаруы финдік «Суоми» автоматының 70-80% көшірмесі десек қателеспейміз. Бірақ бұл басқа мақалаға арқау болатын әңгіме.
1931 жылы құрыған Sisu автомобиль зауыты 30 жылдардың аяғына дейін ауыр жүк машиналарын шығарып ғана қоймай бір даналы брондалған пулеметті автомобиль үлгісін шығарып көрді. Соғыс кезінде Sisu автомобиль зауыты Финляндияны көлікпен қамтамасыз ете алды. Яғни, Финляндия мемлекетінің өзін қамтамасыз етудің қорғаныс саласындағы өндірісі жақсы дамыды. Бірақ ауыр зеңбіректерді, ұшақтарды шығармаған Финляндия Еуропалық елдерден сатып алуға мәжбүр болды.
1939 жылдың 30 қарашасына дейін Финляндия қарулы күштерінде 64 танк болды[5].
1939-1940 жж. КСРО-Фин соғысы барысында Финляндия дипломаттарының арқасында бірқатар мемлекеттер Финляндияға қолдау білдірді. КСРО-мен қарым-қатынасын ушықтырғысы келмеген бірқатар елдер өз азаматтарын соғыс болып жатқан жерге жіберуге шектеу қойды. Мысалы, Венгриядан 25 мың ерікті анықталып, соның 350-і Финляндияға келді. Норвегиядан майданға 725 адам аттанды. Швециядан 8,7 мың адам келді. Дания 1 мың адамын жіберді. Кеңес Одағының басқыншылығын тойтаруда Швеция мемлекетінің көмегі зор болды. Әскери жағынан еріктілерін жібермеген мемлекеттар қару жарағымен көмектесті. Бұны өзі Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында болған Испаниядағы азамат соғысынан кейін еріктілер ағылған ірі саяси – әскери жанжал болды. Бірақ Кеңес-фин соғысының Испаниядағы азамат соғысынан ерекшелігі Тәуелсіздікті қорғау соғысы болды. Финляндия келген шетелдік еріктілер жасағы – фин әскерінің әскери әлеуетін сақтап қалуға көмектесті.
Финляндияға әскери ұшақ жіберген мемлекеттері
Мемлекеттер
Ұлыбритания
Италия
АҚШ
Франция
Швеция
76 ұшақ
35 ұшақ
44 ұшақ
179 ұшақ
29 ұшақ
Қару-жарақ
Жеткізуші мемлекеттер
Винтовкалар
-
-
80000
-
80000
Авт.винтовкалар
124
5000
500
-
6524
Танкке қарсы қарулар
200
-
85
-
285
Зениттік қарулар
-
-
104
-
104
Далалық қарулар
114
160
112
-
386
Ұшақтар
75
30
29
38
172
[6, 15-16 бб]
Сырттан келген көмек Финляндияның әскери әлеуетін нығайтқанымен, КСРО-ның әскери әлеуетімен теңестірмеді. Бірақ КСРО тарапының басқыншылығына төтеп беруге мүмкіндік берді. Осы мүмкіндіктің арқасында Финляндия мемлекеті 1939-1940 жж. соғыста толықтай жеңілмей, КСРО-ның құрамындағы Кеңестік Республикалардың біріне айналмай, өз Тәуелсіздігін сақтап қала алды. Халқы жағынан 20 есе көп, әскери, экономикалық әлеуеті жағынан анағұрлым жоғары тұрған, сыртқы елге әскери жағынан (Испан республикасына, Гоминьдандық Қытайға, Моңғолияға, т.б.) көмек көрсете алатын мемлекетке қарсы тұра алуы үлкен ерлік. Яғни, әлеует деп тек мемлекеттің қауқары ғана емес халқының Тәуелсіздікті қорғауға ұмтылысында айтуға болады. Тәуелсіздік қорғау Отанға деген адалдық әлеуетінен финдіктер ешбір халықтан кем еместігін көрсете білді. Бәлкім, бұған фин халқының христиан дінінің протестанттық ағымын ұстайтындығы әсер еткен болар. Бірақ фин саясаткерлері соғыстың болатындығын сезді және соған халықты дайындай білді. Осы дайындықтың әсерінен Финляндия КСРО-ға қарсы тұра білді. Бұл дайындық Тәуелсіздік жариялаған кезден-ақ басталды. Карелия үшін болған соғыста бұған әсер етті. Финляндия бейтарап мемлекет болса да – өзін-өзі қорғануға дайындады, тіпті басқыншылыққа қарсы тұрар әлеуетті құра білді. Бәлкім, өнертапқыш әскери саланың қызметкері Ахти Лаймоның өзінің қаруларын – Отаны Финляндия, оқшауланып тұрмаса, қысым сезіп тұрмаса жасамаспа еді. Мүмкін, мұны бір жақты айту қиын болар. Бірақ Лаймо Ахтидіңде жасап шығарған қару-жарақтары Финляндияның әлеуетін нығайтуда қосқан үлесі сөзсіз жоғары. Тіпті дер кезінде жасалған қару десек болады. Иә, Финляндияның әскери өнеркәсіп әлеуетінің қалыптасуы Ахти Лаймоның есімімен байланысты десек қателеспейміз. Финляндияның Тәуелсіздігін нығайту мен әскери әлеуетін қалыптастыруда Карл Густав Маннергейм мен әскери өнертапқыш Ахти Лайманың есімдері қатар тұрады.
Кеңес-фин соғысындағы қарулы күштердің ара салмағы
Көрсеткіш
КСРО, Финляндия
Артиллерия
5:1
Әуе күштері
21:1
Танктер
49:1
Жаяу әскер
1,3:1
Пайданылған әдебиеттер
1.Линия Маннергейма. картинки yandex.kz
2. Шюцкор. ru.wikipedia.org
3. Lahti-Saloranta M/26 ru.wikipedia.org
4. Екінші дүниежүзілік соғыстың қарулары: Финдік Суоми автоматы мен Кеңестік ППШ автоматы. Тарих, саясат, этнология, география 2023 ж. https://dzen.ru/id/64fde21b3e79ac1f5c46b034
5. Силы обороны Финляндии ru.wikipedia.org
6. Д. А. Икласбаев 1939-1940 жж. Кеңес-фин соғысы. Халықаралық қауымдастықтың Финляндияға қолдау көрсетуі // Y.Altynsarin izbasary Республикалықғылыми-тәжірибелік журнал №5 (26)