Найти в Дзене

1939-1940 ЖЖ. КЕҢЕС-ФИН СОҒЫСЫНЫҢ БАСТАЛУЫ. МАЙНИЛО ОҚИҒАСЫ.

Екінші дүниежүзілік соғысына жанама түрде өрбіген соғыстарды бірі – 1939-1940 жж. Кеңес-Фин соғысы. Бұл соғыстың басталуы – халықаралық нормаға қайшы, бейтарап елге талап қоюымен басталып, сол бейтарап елді соғысты бастаушы ретінде көрсеткісі келген Майнило ауылындағы «шабуылдан» бастау алған болатын.

Соғыстың түп-төркіні сонау 1917 жылдан басталды десек қателеспейміз.

1917 жылы Ресей империясы ыдырап, ақпан-қазан төңкерісі бірінен соң бірі жүзеге асып, Ресейде аласапыран болып жатқанда – мемлекеттік институттары бар провинциялар өз тәуелсіздігін жариялай бастаған болатын. Осы үрдіспен Финляндия, Эстония, Латвия, Литва өз тәуелсіздігін жариялап алған болатын. Осы мемлекеттер ішінде Финляндия үшін өз тәуелсіздігін қорғап қалу оңайға соқпады. Большевиктердің насихатына ерген фин жұмысшылары Финляндияда кеңес өкіметін орнатудың қадамына барып, елді азамат соғысына итермелеп жіберді. Азамат соғысын жеңген Фин буржуазиялық топтары Кеңестік Ресеймен Карелия үшін соғысып, шекараны келісімге бекітіп алды. Алайда қауіп сейілмеді. Екі тарап шекарада әскер ұстап, қорғаныс шептерін тұрғыза бастады. Шекараның КСРО-ның Ленинград қаласына жақын жерден өтуі – кеңес өкіметінің ресми билігіне маза бермеді. Бейтарап елдің саны жағынан аз әскерінен қорыққанынан не Ленинград қаласына сырттан қандай да бір әскери топтың кіріп кетуі мүмкін деген қияли қорқыныштан туындаған қауіптен емес – Финляндия мемлекетін Ленинград қаласынан шекараны алыстата отырғызып, қорғаныс шептерін бұзғызу арқылы әлсіз жағдайға келтіріп, басып алу жоспарымен талаптар қойған болатын. Әлбетте, Финляндияның негізгі қорғаныс шептері КСРО-ның Ленинград қаласына жақын орналасқан Карель мүйісінде орналасқандықтан, шекараны аумақтық жағынан өзгерту талабын орындаудан бас тартқан болатын. Егер Финляндия КСРО-ның талабын орындайтын болса, өтемақысына басқа жер алушеді. Бірақ жылдар бойы салған қорғаныс шептерін бұзып, қорғаныссыз, қауіп-қатерге қарсы тұра алмай қалушы еді. Финляндия тарапы КСРО тарапының талабын орындамай дұрыс жасады. Себебі, біріншіден Финляндия бейтарап мемлекет болды. Бейтарап елдің өзге елге қауіп қатер туғызбайтыны анық. Екіншіден, КСРО талабын орындаудан бас тарта отырып, өз қауіпсіздігін қамтамасыз ете алды.

Жалпы, КСРО-ның Финляндияға шекараны өзгерту туралы талабы 1938-1939 жж. бірнеше мәрте келіссөздер арқылы өзгеріп, фин тарапына аралдарды жалға алу, Германия тарапынан болып қалу шабуылынан сақтану мәселерімен басталып, 1939 жылғы 23 тамыздағы КСРО мен Германия арасындағы Молотов-Риббентроп пактісі аталған құпия келісімінен кейін шекараны Ленинград қаласы жанынан өзгерту талабына ауысқан болатын. Келіссөздердің шекараны Ленинград қаласы маңынан ауысуына Молотов-Риббентроп келісіміндегі Шығыс Еуропа елдерін бөліске салуда Финляндияның КСРО-ның ықпал аймағына берілуі еді.

1939 жылы 12 қазаннан 6 қараша дейінгі үш кезеңде өткен Мәскеудегі келіссөздер еш нәтиже бермеді. Финляндия КСРО-ның талабы бойынша шекараны өзгертуден бас тартты.

Келіссөздердің нәтижесіз аяқталғанына орай КСРО-ның Сыртқы істер халық комиссары В. Молотов «біз, азаматық адамдар мәселе бойынша еш өрлеуге қол жеткізбедік. Ендігі сөз солдаттарға беріледі» деген болатын. Бір қызығы келіссөздер аяқталмай тұрып, КСРО басшылығы Финляндияға талабын негіздеу үшін мінберлерден, баспасөзден түрлі саяси бағыттағы пікірлерін айта бастаған болатын.

Келіссөздердің нәтижесіз аяқталған соң 28 қарашада КСРО тарапы Финляндиямен жасасқан өзара шабуылдамай туралы келісімді тоқтатқан болатын.

Соғыс 1939 жылы 26 қарашада Майнило ауылындағы оқиғадан басталды. КСРО тарапы «26 қарашада, сағат 15.45-те, Финляндия шекарасындағы Карелия мойнағында, Майнила ауылының жанында орналасқан біздің әскерлер фин территориясынан күтпеген жерден артиллериялық атыспен атылды. КСРО тарапының реми таратқан мәліметі бойынша - барлығы жеті рет қарудың дауысы атылып, нәтижесінде үш қатардағы жауынгер мен бір кіші командир қаза тауып, жеті қатардағы жауынгер мен командалық құрамның екеуі жараланды делінеді. Кеңес әскерлері арандатушылыққа бой алдырмауға қатаң бұйрық беріп, жауап қайтарудан бас тартты» деп мәлімдеп Финляндия тарапын айыптады. Финляндия тарапы оқиғаны зерттеуге шақырды. КСРО халық комиссары В. Молотовтың басшылығымен Финляндияға ресми қарсылық нотасын жіберді. КСРО тарапының қарсылық нотасында Финляндия тарапына қарулы күштерін шекарадан 20-25 шақырымға алып кету талап етілді. Финляндия тарапы КСРО-ға ресми қарсылық нотасын жіберіп, атылған снарядтың, естілген жаңғырықтың қашықтығына байланысты – ату қашықтық бір-бір жарым шақырым жерде оңтүстік-шығыс бағытта орналасқан деп айтылған. Фин тарапының жорамалдауы бойынша бұл шабуыл қызыл әскердің оқу-жаттығу кезіндегі қателігі болуы мүмкін. 1928 жылдың 24 қыркүйектегі шекаралық комиссарлық Конвенция бойынша біріккен зерттеу жұмысын жүргізуді ұсынды. Келесі күні КСРО Сыртқы істер халық комиссары В. Молотов Финляндияны «қоғамдық пікірді адастыруға және атыс құрбандарын мазақ етуге деген ұмтылыс" және КСРО бұрын жасалған шабуыл жасамау туралы пактінің күшімен қабылданған" өзін осы күннен бастап міндеттемелерден бос деп санайды " деп мәлімдеді. Бұл соғыстың болатындығын анық байқатты. Фин тарапынан жасалған атыстан бір кіші командир, 3 жауынгер қаза тапты, 8 жауынгер жараланды делінді. Бірақ кейінгі зерттеушілер, осы оқиғаны зерттей отырып, қаза тапқандар мен жараланғандардың есімдерін таба алмаған. Тіпті атыстың дивизияның, корпустың құжатында да айтылмағандығы үлкен ой тудырады. Атыс жәй ғана шекаралық Майнило шегіндегі шекара застава құжатында ғана кездеседі. Әрине, шекара застава құжатында айтылған дұрыс дейтін болармыз. Бірақ, кім еске алады, кімге айтылады, кім құрметтейді? Әрине, әскерге шақырылған бөлімшесі еске алып, Отан алдында қызмет еткен дивизиясы, кімге айтылады – болашақ корпустың жауынгерлеріне. Мүмкін, есімдері жазылған суретті жауынгерлік бұрышқа іліп қоюға болады. Тіпті ескерткіш ашып, жауынгерлер аллеясын жасап қоюға болады. Бұқаралық ақпарат құралдарында есімдерін жазып, бүгінгі күннің қаһармандарын елге көрсетуге де болады. Бірақ мұндай еске алудың ешқандай іс-шарасыда жасалмаған. Құдды бір қаза тапқан, жараланған жауынгерлер жоғалып кеткендей. Әрине, егер Фин тарапы қарсы шабуылға шығып, дивизияның, корпустың құжаттарын жағып жіберді десек. Бірақ бұл ойымызды негіздей алмаймыз. Себебі, фин тарапы шабуылдамай өз аумағында соғысқан. Манило ауылына фин тарапы 1944-1945 жылдардағы соғыста бірақ жетеді.

1939 жылы 30 қарашасында басталып – 1940 жылдың 12 наурызында басталған Кеңес-Фин соғысы жәйлі кейінгі кездегі табылып, жарияланып отырған мәліметтер өте қызық жәйттарды аңғартады.

Әлбетте, бұл деректерді төрт топқа бөлуге болады.

1. Фин тарапының зерттеулері

2. Фин тарапын айыптауға не КСРО-ны ақтап алуға бағытталған әрекеттер

3. Кеңестік зерттеушілер

4. Қазіргі Ресей Федерациясының еркін ойлы либералдық бағыттағы мемлекеттік

тапсырыс не насихат аясында жұмыс істемейтін тарихшылар

Бірінші топтың зерттеулері – КСРО-ны айыптап, басқыншы ретінде шығаратындығы анық. Бірақ осы тараптың 1939-1940 жж. Кеңес-фин соғысының басталуына түрткі болған Майнило оқиғасының өрбу барысын зерттеулері көз қуантады. Оқыған адамдарды сендіреді. Мәселе, жоғарыда атап өтілген зеңбірек снарядының ұшу қашықтығын анықтауда емес. 1941 жылы Финляндия тарапының Германия қолдауына сүйене отырып, КСРО-мен болған соғыста жоғалтқан аумақтарын қайтару соғысын бастаған болатын. Осы соғыста КСРО тарапының 64188 жауынгері тұтқынға түскен болатын. Тұтқынға түскен жауынгерлердің бірі қатардағы жауынгер Иван Удовиченконы тергеу кезінде ІІХК әскері Майнило маңында минометті сынау кезінде минометтің оғы кеңес блиндажына түсіп, фин тарапы оқ жаудырды дейді.

Екінші топтың зерттеулері – бірінші топқа қарама-қарсы Кеңес-фин соғысының болатындығы оқиғалар желісімен заңды деп, арандатуға фин тарапын айыптайды. Тіпті, 1918-1920жж, 1921-1922 жж. кеңес-фин соғыстарын мысал алып, басқыншылықтың Финляндия тарапынан болуына 1930 жылдардағы Кеңес-фин шекарасындағы атыстарды мысалға алады.

Үшінші топтың зерттеулері өз ішінде бірнеше кезеңге бөлінеді – Сталин кезіндегі зерттеулер, баяндамалар, мақалалар – басқыншылықтың фин тарапынан бірінші жасалғаны, Майнило ауылындағы атысты фин тарапы жасағанын баяндайды, ал Хрущев кезіндегі мәлімдемелер Майнило ауылындағы атысты кеңес одағының ішкі істер әскері ұйымдастырғанын айтады. 1964-1991 жылдардағы зерттеулер Сталиндік кезеңмен мен Хрущевтік мәлімдемелерді толықтыра түскенімен нақты бір тұжырымға келе алмады.

Төртінші топтың зерттеулері – атысты кеңес одағының ішкі істер әскері арандатушылықпен ұйымдастырғанына тоқталса да – осы либералдық көзқарастағы тарихшылар арасында бір тоқтам жоқ. КСРО-ның атысты бірінші ұйымдастырып, бейтарап елге соғыс ашқанын сынап, соғыс жоспарын дұрыс құрылмағанын дәлелдеп, кеңес әскерінің аяусыздығын (бейбіт Хельсинки қаласын бомбалау) айыптаса да – бейтарап елге арандатушылықпен соғыс жариялап, жерін тартып алғанын мойындамайды. Тартып алған жер біздікі. Тартып алған жерді талқыламаймыз дегендей. Тартып алған жер – қазіргі Ресей қоғамының бірнеше ұрпағы тұрғылықты тұрып жатқан жері болғанымен – бұл жердің қалай келгеніне баға берілуі керек.

Осындай мүдделер қақтығысынан оқиғаның шындығы ашылмай, мүдделі топтардың әрекетінен қабат-қабат өтірікпен шындықтың араласуымен ашылмай тұр.

-2

Кеңес Одағының Ленинград облысының партия хатшысы Андрей Ждановтың мұрағат құжаттарында 1939-1940 жж. Кеңес-фин соғысына байланысты Финляндия тарапын басқыншы ретінде көрсету жоспары жазылған. Бұл мәліметті бір зерттеу керек? Мүмкін, Майнило оқиғасының анық-қанығы ашылатын шығар. Бірақ Андрей Ждановтың жеке мұрағаты - мемлекетке өткізілген. Біраз құжаттарына мемлекеттік құпия берілген.

Суреттер ғаламтордан алынды