Бұл кезең Осман империясы тарихында сұлтан халиф ІІ Абдул-Хамиттың билік құрған уақытына байланысты зиялы қауымның "Зұлым кезеңі" деген атау берімен орныққан. Атауды 1891 жылы Стамбұлда шығып тұрған "Ғылым қазынасы" журналының төңірегіне топтасқан зиялы қауым өкілдері өз шығармаларында атаған. Кезеңнің "Зұлым кезеңі" -деп аталуында бір адамның шексіз билігінің орнығуымен пайда болған хал-ахуал суреттелген. ІІ Абдул-Хамит сұлттаның билік құрған кезеңінде - Осман империясының зиялы қауым өкілдерінің сұлтан ІІ Абдул-Хамитты "зұлым" деп атауында - Конституциялық заңдылықты жоққа шығарып, өзінің жеке билігін орнықтырып, мемлекетті басқаруда айла-шарғылармен жұмыс істеуін баяндағысы келген ой жатқан болар. Әрине, сол кезде де қазірде "Зұлым" кезеңін - "Алтын ғасыр" дейтіндерде бар. ІІ Абдул Хамид тұсында Осман империясы - Үндістандағы, Қытайдағы, Еуропадағы мұсылмандарға рухани қолдау көрсеткен болатын. Себебі, ол кезде Осман империясы - Халифат есебінде мұсылман елдерінің орталығы саналды
Осман империясындағы "Зұлым кезеңі" 1876-1908 жж.
7 января 20247 янв 2024
8
1 мин