Осман империясы XIV ғасырдан бастап - Балкан түбегіне өз билігін орнықтырғаннан кейін, жергілікті христиан халықтарын өзіне бағынышты ұстау үшін "қанды салық" енгізген болатын. Бұл міндеткерлік бойынша христан ұстанатын халықтар отбасындағы әрбір үлкен ұлын - Сұлтан әскеріне жіберу міндетті болды. 1365 жылы сұлтан І Мұраттың тапсырмасы бойынша - христиан халықтарынан тұратын "жаңа әскер" құрылды. Яғни, янычарлар корпусы. Янычарлар корпусына іріктелген балалар - Осман империясының ірі қалаларында мұсылмандық дәстүр бойынша әскери өнерге үйретілді. Бұл янычарлар үйленуге тыйым салынды. Иемденген мүлкі қайтыс болған жағдайда - әскери казармасына қалдырылып отырды. Тек янычарлардың ардагерлері мен сұлтан маңына көтерілгендер ғана артықшылық алды. Янычарлар өз кезегінде басқарушы "ағаларға" бағынды. Осман империясындағы соғыс жүргізудің тікелей негізі - осы янычарлар болды. Янычарлар - соғыстан көп үлес алу үшін жанын аямады. Бірақ Осман империясындағы янычарлардан бөлек - мұсылман халықта
Не себепті Осман сұлтаны ІІ Махмұд - янычарлар корпусын таратып жіберді?
12 декабря 202312 дек 2023
12
2 мин