XVII ғасырдың бас кезінде Батыс Қытайдағы ойрат тайпаларының саяси күресінен жеңіліс тауып, батысқа қарай көшіп Еділ өзенінің бойында қоныс тепкен Торғауыт тайпасы Ресей мемлекетінің бақылауында аймақта қалмақ хандығын құрғанымен 1770 жылға қарай әлсірей бастады.
Бұған Ресей империясының қалмақтарды башқұрттардың көтерілісін басуға пайдаланумен қатар Осман империясына қарсы соғыс Ресей империясы қалмақтарды үздіксіз қатыстыру себеп болды.
Ресей империясының тапсырмасымен Кавказ аймағына үздіксіз шабуыл жасап тұруыда - қалмақтардың санын азайтты.
Кіші жүз қазақтарымен орын алатын шекаралық қақтығыстарда - қалмақтарды әлсіретті.
1724 жылы Қалмақ ханы Аюки ханның қайтыс болуымен басталған саяси бақталастық - Ресей империясының Қалмақ хандығының ішкі ісіне белсенді араласуына әкелді. Жиырма жылға созылған билік үшін талас - Қалмақ хандығын әлсіретіп жіберді. Ресей империясы қысымы күшейе түсті. 1758 жылы Шығыс Түркістанда - маньчжур-цинь әскерімен ықпалымен Жоңғария мемлекеті жойылды. Халқы қырғынға ұшырады. Жердің бос қалғандығы Еділ бойындағы қалмақтарға жетті. Он жыл бойы дінбасылар, қалмақтарды - Жоңғария жеріне кетуге үгіттеді. Көшті Қалмақ ханы Убаши басқарды.
Көш - Ресей империясының ресми билігімен ақылдасуынсыз жүзеге асты. Қалмақ аристократиясы - Ресей империясының хандық билікті жоюға бағытталған қадамдарын қабылдай алмады. Қалмақтардың иелігін қоршай отырып, Ресей империясының әскери бекіністері салына бастады. Малдың жайылатын жері азая бастады.
Көш 1771 жылдың қаңтар-ақпан айларында басталды. Көшке 200 мың адам қатысты. Соның 40 мыңы тұрақты әскер болды. Мұздың жарылуына орай көшке ілесе алмаған 60 мыңдай адам Еділ бойында қалып қойды.
Көшті тоқтату үшін Ресей империясының Орынбор губернаторы Нұралы ханға хат жіберді. Нұралы ханның көшті тоқтатуға жасаған қадамы нәтижесіз аяқталды. Қалмақ-Торғауыттарының көші тоқтамай қозғала берді.
Қалмақ хандығы мен Жоңғария хандығы көршілес болмай, қазақ жері арқылы елшілік байланыс орнатып отырды.
100 мыңдаған халықтың, малымен қарай жүруі - қазақ көшпелілерін алаңдатты. Қалмақ көшінің арқасында - қазақтардың азық-түліксіз қалу қаупі туды.
Қалмақ көшінің - қазақ жеріне қалып қалуы мүмкіндігіде үлкен қауіпке әкелді.
Қалмақ көшінің әскерімен - қазақ жасақтары арасында соғыс қимылдары басталды. Қазақтар үшін бұл оқиға өз жерін, өз тіршілігін қамтамасыз ету үшін болған соғыс болды.
1771 жылдың шілде-тамыз айларында қалмақ көшінің 15-20 мыңы ғана Жоңғария жеріне жетті. 15-20 мыңды қалмақтар Жоңғария мемлекетін қалпына келтіре алмады. Убаши хан 1774 жылы беймәлім жағдайда Қытайда қайтыс болды. Ол 29 жаста болатын.
Қалмақтардың "Шаңды жорық" оқиғасында қырылуына
- Убаши хан
- Церен тайшы
- Әмірсан Шерен кінәлі
Тарихта Еділ қалмақтарының - Жоңғарияға қарай көшуінің "Шаңды жорық" деп аталуының бірнеше нұсқасы бар.
1. Қалмақтардың - Қазақ жерінен рұқсатсыз, шаң салығын төлемей өтуі.
2. Қалмақтардың тездетіп, жылдамдатып жердің шаңын шығарып көшуі.
3. Қазақтардың қалмақтарды қууы - жердің шаңын шығарғандай болды.
Кейбір ғаламдар ХІІІ ғасырдағы моңғолдың жылжуы мен 1771 жылжуын салыстырады. Бұл әлбетте, салыстыруға келмейтін оқиғалар. Моңғолдарың көшінде тек әскерилер болды. Сондықтан олар тез жылжыды. Ал қалмақтардың көшінде бала-шаға болды
Суреттер ғаламтордан алынды