1797 жылы Кіші жүзде хандық таққа Айшуақ сұлтанның сайлануымен - қазақ мемлекеттілігіне біраз өзгерістер енгізілді. Хан жанынан - тұрақты түрде жұмыс жасайтын хандық кеңес құрылды. Осы хандық кеңестің төрағасы болып Нұралы ханның ұлы Бөкей сұлтан бекітілді. Ресей империясының отарлық саясатымен Кіші жүзде - көшпелі қазақ халқы үшін төрт түлік малын жаятын жайылымдар тарыла бастады. Ресей империясы тарапынан Жайық өзенінен өту тиым салуы және оған бірнеше шақырымға жақындауға шек қоюы - кіші жүзде наразылықтардың туындауына әкелді. Бұл наразылықтар Сырым Датұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалыс пен Қаратай сұлтанның басқаруымен көтерілістердің тууына әсер етті. Жайылымның тарлығын сезінген Бөкей сұлтан Ресей императоры І Павельге хат жазуымен болды. Сырым Датұлы басқарған қозғалыс басылған бойда - Қаратай, Бөкей, Жантөре сұлтан арасында күрес басталды. Бөкей сұлтан елді - Жайық бойына көшуге шақырды. Сырым Датұлы Бөкей сұлтанды қолдады. Үздіксіз хат жазумен болған Бөкей сұлтанның өтініші
Еділ мен Жайық өзендері аралығында - Ішкі Бөкей ордасының құрылуы
6 декабря 20236 дек 2023
32
1 мин