Добавить в корзинуПозвонить
Найти в Дзене

БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің Ауғанстан бойынша 2721 қарары қабылданды.

Өткен жылдың 29 желтоқсанында БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесінің отырысында Ауғанстан бойынша арнайы өкіл тағайындалатындығы жөнінде №2721 қарары қабылданды. Бұл қарарға сәйкес арнайы өкіл Ауғанстанның тұтастығы мен адам құқығы; ер мен әйелдердің кемсітушілігіне қарсы; әйелдерге қоғамға, саясатқа бейімдеу; "Талибан" билігімен келіссөздер жүргізу; Ауғанстан мемлекетінің Халықаралық қауымдастықтағы міндетемесін орындау мәселесімен жұмыс жүргізетіндігі анықталып отыр. Әзірше арнайы өкіл тағайындала қойған жоқ. Арнайы өкілдің тағайындалуына орай - Ауғанстандағы қарсыласушы тараптардың өзінің мақсатын алдыға тартатындығы анық. Мемлекеттік төңкеріспен билікке келген - "Талибан" ұйымы арнайы өкіл арқылы өз билігін заңдастыруға тырысатындығы анық. Республикалық кезеңнің вице-президенті Сарвар Данеш басқаратын "Әділдік пен бостандық" партиясы Ауғанстан Федеративтік Республика болу керек деп мәлімдеді. "Әділдік пен бостандық" партиясы қарардың мәжбүрлеу шарасы да болу керек, Конституция енгізуден бал

Өткен жылдың 29 желтоқсанында БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесінің отырысында Ауғанстан бойынша арнайы өкіл тағайындалатындығы жөнінде №2721 қарары қабылданды.

Бұл қарарға сәйкес арнайы өкіл Ауғанстанның тұтастығы мен адам құқығы; ер мен әйелдердің кемсітушілігіне қарсы; әйелдерге қоғамға, саясатқа бейімдеу; "Талибан" билігімен келіссөздер жүргізу; Ауғанстан мемлекетінің Халықаралық қауымдастықтағы міндетемесін орындау мәселесімен жұмыс жүргізетіндігі анықталып отыр. Әзірше арнайы өкіл тағайындала қойған жоқ.

Арнайы өкілдің тағайындалуына орай - Ауғанстандағы қарсыласушы тараптардың өзінің мақсатын алдыға тартатындығы анық.

Мемлекеттік төңкеріспен билікке келген - "Талибан" ұйымы арнайы өкіл арқылы өз билігін заңдастыруға тырысатындығы анық.

Республикалық кезеңнің вице-президенті Сарвар Данеш басқаратын "Әділдік пен бостандық" партиясы Ауғанстан Федеративтік Республика болу керек деп мәлімдеді. "Әділдік пен бостандық" партиясы қарардың мәжбүрлеу шарасы да болу керек, Конституция енгізуден балама жол болмау керек деп мәлімдеді. Бұл партия Ауғанстандағы көпұлттың мүддесін қорғайды.

Ахмад Шах Масуд басқаратын "Ауғанстанның ұлттық қарсыласу майданы" партиясы БҰҰ-ның арнайы өкілінің тағайындалатындығын құптай отырып, арнайы өкілдің жұмысы экономикалық байланыста орнатуда емес лаңкестікке қарсы күреске бағытталу керек деді.

"Ұлттық қарсыласуы мен Ауғанстанды құтқару Кеңесі" ұйымы БҰҰ-ның 2721 қарарын қолдай отырып, биліктің - Ауғанстанның заңды сайланған үкіметіне берілуі керек деп мәлімдеді. Бұл ұйымның айтуынша қазіргі кезде Ауғанстанда жапа шегушілер бұрынғы әскерилер, әйелдер және хазарлықтар-дейді Sputnik Ауғанстан телеграм каналы

Арнайы өкілдің тағайындалатындығын Ауғанстанның бұрынғы президенті Хамид Карзайда құптап, дағдарыстан шығу жолы халықтық өкімет құру білім және әйелдердің қоғамға араласу болу керек деп мәлімдеді. "Талибан" қозғалысы билікке келгенде - шетелге кетпеген Хамид Карзайдың елдің ішінде де шетелде де беделі мықты.

Жалпы, саяси жанжалдар орын алған елдерді дағдарыстан шығару үшін БҰҰ-ы арнайы өкіл тағайындайтындығы анық. Ливия, Сирия бойынша БҰҰ-ның арнайы өкілі жұмыс істейді. 2023 жылдың қыркүйегінен бастап БҰҰ-ның Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Қырғызстанның бұрыңғы президенті Р. Отунбаева. 29 желтоқсанда Ауғанстан бойынша қабылданған арнайы №2721 қарары бойынша жұмыс істейтін өкілі Р. Отунбаева бола ма ол жағы белгісіз? Ауғанстандағы "Талибанға" қарсы демократиялық күштер арнайы өкіл Босния және Герцоговинадағыдай өкілетті болса дейді.

Әзірше тек қарар шықты. Арнайы өкілдің жұмысын арықарай көре жатармыз

Сурет ғаламтордан алынды