Найти в Дзене

Ауғанстандағы әйелдердің мәселесі

Көп жыл бойы азамат соғысынан көз ашпаған, көпұлтты дін түсінігі үстем жоғары тұрған елдерде - әлбетте өмір сүру қиын болатындығы анық. Сомали, Ирак, Ауғанстан мемлекеттері мысал бола алады. Осы елдердің ішіндегі соңғысының саяси жағдайы үнемі түрлі саяси топтардың арасындағы тартыстап үдеп отырады. Соңғы 40 жылдағы саяси жағдайды алсақ болады. Өзінің орналасуына байланысты Иран, Пәкістан, КСРО (қазіргі ТМД елдері) мемлекетінің саяси ойынына мәжбүрлі еніп отырды. Бұл елде 1919 жылы Тәуелсіздік жариялағаннан бастап әйелдердің азаматтық құқығы шектелген. Оқуға, жұмысқа тұруға мейлінше кедергілер көп. Қазірде сондай екі жылдық талибан ұйымының билігі қыздар мен әйелдердің білім алуын шартты түрде бастауышпен шектеп тастады. Сайлауға қатысу және сайлану қазіргі кезде мүлде жоқ. Қазіргі кезде Ауғанстанда сайлау жоқ. Республикалық биліктің Конституциясы тоқтатылған. Жаңа Конституция қабылданған жоқ. Шариғат соты әйелдердің құқықығын мейлінше ғана қорғайды. Талибан билігі қыздар мен әйелдерге орамал тағуға міндеттеп, Жоғарғы оқу орнына кіруге тиым салған. Қазіргі кезде бірде-бір жоғары оқу орны қыздарды оқуға қабылдамайды, тіпті әйел адамдарды оқытушығып алмайды. Ауған журналист әйелдері блогерлікке көшкен. Ауған телеарналарындағы азды-кемді қыз-әйел журналистер тікелей эфирлерге бетін бүркемелеп шығады. Иә, клерикалдық қоғамда әйелдерді қабылдау оңай емес. Ирандағы әйелдер шах беріп кеткен сайлау құқығымен қалды. Көршілес Пәкстанда Халықтық партия басшысы Беназир Бхуттоның (әйел) билігі кезінде әйелдер саяси қызметке келді. Бірақ Ауғанстанда әйел құқығы орныға алмады. Тіпті социалистік Ауғанстан кезінде де. Сондықтан болса керек Ауғанстанда қыздар спорты кенжелеп тұр. Қазіргі кезде Ауғанстанда қыздарды мейлінше тасағып ұстайды. Күні кеше ғана Ауғанстан астанасы Кабул қаласының 10 округінде тұратын Халида Задран есімді қыз 25 жылдан кейін сыртқа шығарылды. Талибан билігі сыртқа шығаруына көмектестік деп ауруханаға алып кеттік деп мәлімдегені болмаса - қайда барады. Талибан билігі қыздар мен әйелдер сыртта ер азаматтармен бірге жүруге міндеттеп тастаған. Халида Задран сыртта өз еркімен жүре алмас, 25 жыл ұстаған бауырларына қайтып барар. Ауған отбасы қыз туса мейлінше қорқады. Туған қыздарын ауыр жұмыспен ұлша тәрбиелейтіндері де бар. Ауған халқының негізгі халқы болып табылатын пуштун халқының ұлттық биі Атан биін билейтіндерде азайды. Бұл биді ұлдар мен қыздар билейді. Бірақ қазіргі кезде бұл ұлтты биді билеп жатқан Ауғанстан тұрғындарын байқау мүмкін емес. Тек шетелге кеткен азаматтардың салған видеосы бар.

Қазіргі кезде ауған әйелдердің биліктегі көрінісі - әйелдердің наразылығын таратуға бағытталған діни әйелдер полициясында байқалады. Басқа салада айырықша көрініс бермей тұр. Бірен-саран кәсіпкерлер, журналистер бар. Әзірше, ауған әйелдерінің қоғамдағы көрінісі осы. Ауғанстандағы әйелдердің құқығының шектелуіне не олардың өз құқықтарын толықтай пайдалана алмай жатқандығы, тіпті әйелдердің құқықтарын қорғай алуына жағдайдың жасалмауына байланысты болса керек - әлем елдерінің басым бөлігі жаңа билікті (талибан өкіметін) ресми мойындай қойған жоқ.