751 жылы Талас өзенінің бойындағы Тараз қаласының маңындағы Атлах елді-мекенінде Қытайлық Тан империясы мен арабтық Аббас халифаты арасында үлкен шайқас болғандығы - қытайлық және арабтық деректерден белгілі. Әрине, шайқасқа - арабтар мен қытайлықтардан басқа қарлұқтар, түргештер және Жетісулық оғыздардың қатысқандығы белгілі. 751 жылғы Атлах шайқасына - қабаттаса түрде өрбіген бірнеше оқиғалар себепкер болды. Атап айтсақ - 1. Түргеш қағанатының әлсіреуі 2. 744 жылы Ұйғырлардың қысымымен Жетісуға қоныс аударған қарлұқтар 3. Түргештердің қарлұқтар мен арабтарға қарсы - Қытайлық Тан империясынан көмек сұрауы 4. Шаш қаласының әкімінің баласы - қытайлықтарға қарсы арабтардан көмек сұрауы. VIIІ ғасырдың басында - араб халифатының әскері Орталық Азия даласына жақындады. Арабтардың құрметтеуіне лайықты, "Әбу Музахим" ("Сүзеген") атанған түргештердің қағаны Сұлу қаған - арабтарға бірнеше мәрте соққы берді. Сұлу қағанның қайтыс болуымен - Түргеш қағанаты әлсіреп кетті. 744 жылы Шығыс Түрік қа
751 жылғы Атлах шайқасына қандай оқиғалар себепкер болды?
19 декабря 202319 дек 2023
40
1 мин