744 жылы Орталық Азияның Шығыс Түркістан аумағын мекендеген Екінші Шығыс Түрік қағанаты (682-744 жж.) басмылдар, ұйғырлар және қарлұқтар біріккен күшімен талқандалып, билікке басмылдар келген болатын. Бірақ басмылдардың билігі ұзаққа созылмай ұйғырлар мен қарлұқтардың біріккен күшімен талқандалды. Ұйғырлар мен қарлұқтар одағында - ұйғырлар басым болып, соңғысын бұл жерден ығыстыра бастады. Ұйғыр қағанатының қысымына шыдамаған қарлұқтар Түргеш қағанатына құрамындағы Жетісу аймағына қоныс аударды. Қарлұқтардың Жетісуға қоныстануы Орталық Азия халықтарына үлкен өзгерістер әкелді. Бұл кезде Түргеш қағанаты Сұлу қағанның Баға тарханның өлтірілумен үлкен саяси дағдарысты бастап кешіріп отырған болатын. Қарлұқтардың келуі сары түргештер мен қара түргештер арасындағы шиеленісті одан сайын ушықтырып жіберді. Екі тарапта қарлұқтарды мейлінше пайдалануға тырысты. Ал қарлұқтар өз мемлекетін құруға талпынды. Біртіндеп күшейіп алған қарлұқтарды жеңе алмаған түргештер қытайлық Тан империясынан көмек
Ұйғыр қағанатының қысымымен Жетісуға қарай ығысқан қарлұқтар Орталық Азия халықтарына қалай әсер етті
5 октября 20235 окт 2023
14
2 мин