Жалпы апиын соғысы Қытай мен ағылшындар арасында екі рет болған 1. 1840-1842 жж. 2. 1856-1860 жж. Бірінші апиын соғысы Қытай тарапының оқшауланып, "жабық есік" саясатын жариялау себепкер болды. Ағылшындар Қытайлықтардың жабық есік саясатын күйретуге амалдар қарастырып, Бенгалияда өндірілген апиынды астыртын жібере бастады. Ағылшындар жіберген апиын Қытайда өтімді болды. Ағылшын апиынын қала тұрғындар, шенеуніктер, әскери қызметкерлер тұтына бастады. Ішкі өнімнің біраз бөлігі - ағылшындардың астыртын түрде жіберіп жатқан апиынын сатып алуға кетіп жатты. Астыртын жеткізілген апиын, заңсыз саудаланып, бірнеше есе қымбатқа сатылды. 1773 жылдан бастап сатыла бастаған апиын 1838 жылы 2000 тоннаға жетті. Ағылшын апиынын сатып алған миллиондаған қытай азаматтары нашақор болды. Теңіз жағалауын күзететін әскерде тәртіп болмады. Қытай тарапының ағылшындарға апиын енгізуіне қарсы шаралар нәтиже бермеді. Ағылшын сауда кемелерінің Қытайдың мемлекетінің үкіметінің рұқсатынсыз - порттарға кіріп сауда