Найти в Дзене

Ост-Үнді компаниясының Үндістандағы экономикалық үстемдігі

XVIII ғасырдың бірінші жартысынан бастап ыдырай бастаған Үндістанда үстемдік еткен Моғол империясына - ағылшындық Ост-Үнді компаниясы өз басқыншылық соғысын бастады. Ост Үнді компаниясы - Англия парламентті тарапынан құрылған акционерлік қауымдастық. Жеке әскері, әкімшілігі, бюджеті, акционерлік кірістері болды. Негізгі табысы - компания отарлаған аймақтардың алынған қаржы. Бұл қаржы салық түрінде алынды Өз уақытында Ост-Үнді компаниясы атауымен ағылшындық,француздық, голландиялық компаниялар болды. XVII ғасырдан Үндістанда билік құрған Моғол империясы уақытында - британдық Ост-Үнді сауда пунктерін сала бастады. XVIII ғасырда ағылшындар, бірнеше мемлекетке бөлінген Үндістан үшін Франциямен соғысып жеңіске жетіп, өз үстемдігін орнатты. Үндістанды Ост-Үнді компаниясы арқылы толық бағындырған ағылшындар сауда және саяси монополиясын орнықтырды. Ост-Үнді компаниясының тауарлары: ХІХ ғасырдың бірінші жартысында үнді шаруасын Ост-Үнді компаниясы мен жергілікті феодалдардың қанауымен ауыл

XVIII ғасырдың бірінші жартысынан бастап ыдырай бастаған Үндістанда үстемдік еткен Моғол империясына - ағылшындық Ост-Үнді компаниясы өз басқыншылық соғысын бастады.

Ост Үнді компаниясы - Англия парламентті тарапынан құрылған акционерлік қауымдастық. Жеке әскері, әкімшілігі, бюджеті, акционерлік кірістері болды. Негізгі табысы - компания отарлаған аймақтардың алынған қаржы. Бұл қаржы салық түрінде алынды

Өз уақытында Ост-Үнді компаниясы атауымен ағылшындық,француздық, голландиялық компаниялар болды.

XVII ғасырдан Үндістанда билік құрған Моғол империясы уақытында - британдық Ост-Үнді сауда пунктерін сала бастады.

XVIII ғасырда ағылшындар, бірнеше мемлекетке бөлінген Үндістан үшін Франциямен соғысып жеңіске жетіп, өз үстемдігін орнатты.

Үндістанды Ост-Үнді компаниясы арқылы толық бағындырған ағылшындар сауда және саяси монополиясын орнықтырды.

Ост-Үнді компаниясының тауарлары:

  • ағылшын тауарлары еркін және арзан сатыла отырып, жергілікті өндірушілерушілердің тауарының сатылуына тосқауыл қойды.
  • жергілікті халықтан салық жинауды - компания өз мойнына алды.
  • Компания жергілікті халықтардың арасындағы алауыздық өршітумен болды

ХІХ ғасырдың бірінші жартысында үнді шаруасын Ост-Үнді компаниясы мен жергілікті феодалдардың қанауымен ауыл шаруашылығымен айналысатын қауымдар өз жерлерін тастап кетті.

Ағылшындар мақта егетін шаруаларды қолдай отырып өздерінің фабрикаларына шикізатпен қамтамасыз етті

Ост-Үнді тарапынан әкелінген ағылшын тауарлары еркін және арзан сатылуы - үнді қолөнершілерін шығынға батырды.

Табыс табу үшін үнді азаматтары - ағылшын факторияларында жұмыс істей бастады.

  • Ост-Үнді компаниясының әсерімен Үндістан халқының экономикалық төмендеп кетті. Тек географиялық жағдайға бейімделген халықтар мен тұйықталған үнді касталары ғана экономикалық қамсыздандыру әрекетін сақтап қалды. Үндістанның оңтүстігі мен солтүсітігінің шаруашылық жағдайы өзгерді. Оңтүстікте тұратын Үндістан халықтары Ост-Үнді компаниясына бейімделген шаруашылық жасады.
  • Ост-Үнді компаниясы өзіне бейімделген өңірлерге артықшылық беріп, жеңілдіктер сыйлады.

Салық төлеуден бастартқан не қарсылық көрсеткен феодалдарды, шаруаларды - Ост-Үнді компаниясының әскері мен полициясы жазалап отырды

Сурет ғаламтордан алынды