Бұл қалайша деген сұрақ - неге деген сұрақпен қатар жүретіндігі анық. Неге британдықтар Үндістанды жаулап алды? Әлбетте, бұл сұрақты жауапты ағылшындықтардың саудагерлік деңгейге көшкен XVII ғасырдан бастаған дұрысырақ болатын шығар. Себебі, 1640 жылдары Англияда буржуазиялық революция ағылшындар феодалдардың езгісінен азат етіп, капиталистік қатынастарға жол ашқан болатын. Корольдің абсолюттік билік езгісінен азат етілген ағылшындар саяси еркіндік ғана емес экономикалық еркіндіктіде алған болатын. Саудадағы еркін бәсеке - өндіріске жол ашты. Өнертабыстық жаңалықтар тәжірибеге енді. Өнімді өндіру мейлінше арзандай түсті. Ағылшын экономикасы мануфактурадан фабрикалық жүйеге көшті. Фабрикалар үшін шығарып жатқан артық өнімді өткізетін - оны қабылдайтын жер керек болды. Экономистердің тілімен айтқанда - нарық. Осы жаңа нарықтарды игеріп, өз өнімін өткізу үшін ағылшындар - португалдықтар мен испандықтардың артынан ілесе отырып, жаңа жерлерді игере бастады. XVI ғасырда португалдықтардың Үнд
Қалайша британдық саудагерлер Үндістанның қожасына айналды?
25 сентября 202325 сен 2023
21
2 мин