Ежелгі заманнан бастап Еуропаның Балқан түбегін әртүрлі халықтар қоныстанып отырды. Бұл халықтар біртіндеп көбейіп ғана қоймай, Ортағасырларда әртүрлі діндерді ұстанушылар қатарынан табылды. Балқан түбегін ежелгі заманнан бастап ХХ ғасырдың 90 жылдарына дейін әртүрлі мемлекеттердің ықпалында немесе басқаруында болып, алпауыт мемлекеттердің саяси ойындарының алаңына айналған болатын. Бұл жәйт, халықтардың бір-бірімен байланыс жасауына мейлінше кедергі болды. Тіпті, ұқсас славян халықтарының әртүрлі дінді ұстануы, әртүрлі мемлекеттердің қарамағында болуыда өз ықпалын тигізді. Мысалы: Босния аймағында тұратын босниялықтар - ислам дінін ұстанса, хорваттар - христиан дінінің католик бағытын ұстанды ал сербтер болса христиан дінінің православие бағытын ұстанды. Австро-Венгрия империясы заманында хорваттар артықшылыққа ие болса, Осман империясы албандықтар мен босниялықтар артықшылыққа ие болды. Бірінші және Екінші Балкан соғыстарына осы жағдай әсер етті. Халықтардың ресми шекарадан тыс қон
Балқан түбегін неліктен Еуропаның "жарылғыш қоймасы" деп атады?
13 января 202413 янв 2024
21
2 мин