Найти в Дзене

Қазіргі кезде Балқан халықтары Гаврило Принсипті қалай қабылдайды?

Бұл сұраққа жауап бермес біріншіден Гаврило Принсип кім және Балқан халықтарына қандай қатысы бар деген анықтама табу керек? Гаврило Принсип кім дегенге келсе Австро-Венгрия империясының Босния және Герцоговина аймағына туған серб халқының азаматы. Сербия корольдігі қаржыландырған Босния және Герцоговина аймағында жасырын әрекет еткен "Жас Босния" террористік әскери ұйымның мүшесі. 1877-1878 жж. Осман империсы Ресей империясы жеңілгеннен кейін түріктер Босния және Герцоговина аймағын тастап шыққан болатын. Бұл аймақты 1908 жылы Австро-Венгрия империясы өз құрамына қосып алған болатын. Босния және Герцоговина аймағында сербтерден басқа хорваттар, босниялық-мұсылмандар тұрған болатын. Хорват халқы христиан дінінің католик бағытын ұстанып, Австро-Венгрия империясына көзқарасы жағымды болып, аннекцияға еш қарсылық көрсетпеді. Мұсылман-босниялықтар Осман билігінің кетуіне қайғырса да хорваттар секілді Австро-Венгрия империясының аннексиясына еш қарсылық көрсетпей, бейжәйлықпен қарсы алды. А

Бұл сұраққа жауап бермес біріншіден Гаврило Принсип кім және Балқан халықтарына қандай қатысы бар деген анықтама табу керек?

Гаврило Принсип кім дегенге келсе Австро-Венгрия империясының Босния және Герцоговина аймағына туған серб халқының азаматы. Сербия корольдігі қаржыландырған Босния және Герцоговина аймағында жасырын әрекет еткен "Жас Босния" террористік әскери ұйымның мүшесі.

1877-1878 жж. Осман империсы Ресей империясы жеңілгеннен кейін түріктер Босния және Герцоговина аймағын тастап шыққан болатын. Бұл аймақты 1908 жылы Австро-Венгрия империясы өз құрамына қосып алған болатын. Босния және Герцоговина аймағында сербтерден басқа хорваттар, босниялық-мұсылмандар тұрған болатын. Хорват халқы христиан дінінің католик бағытын ұстанып, Австро-Венгрия империясына көзқарасы жағымды болып, аннекцияға еш қарсылық көрсетпеді. Мұсылман-босниялықтар Осман билігінің кетуіне қайғырса да хорваттар секілді Австро-Венгрия империясының аннексиясына еш қарсылық көрсетпей, бейжәйлықпен қарсы алды. Ал сербтер болса, Босния-Герцоговина аймағының Австро-Венгрия империясына өтуін қабылдамай аймақтың Сербия құрамына өтуін қалады. Босния және Герцоговиналық сербтер "Жас Босния" ұйымын құрды.

1914 жылы 28 маусым күні Босния және Герцоговина аймағын аралап келген Австро-Венгрия империясының тақ мұрагері Франц Фердинанд бұл аймақтың әкімшілік орталығы Сараево қаласында жұбайымен бірге атып өлтірілді. Бұл қастандық ел алдында болғандықтан кінәлілер дереу табылды. Қастандықты ұйымдастырушы "Жас Босния" ұйымының мүшелері Гаврило Принсип және оның серіктестері болды. Гаврило Принсиптің бұл әрекеті Австро-Венгрия империясының Сербияға соғыс ашуыменен басталған Бірінші дүниежүзілік соғысқа ұласты. Бірінші дүниежүзілік соғыс 18 млн адамның жанын қиған соғыс болған болатын.

Енді Балқан халықтарының Гаврило Принсиптің әрекетін қалай қабылдайтынына келсек? Югославия Социалистік Федеративтік Республикасы кезеңінде мектеп оқулықтарында Гаврило Принсиптің әрекетін батырлық деп оқытқан. Ал Югославия Социалистік Федеративтік Республикасы ыдыраған тұста Гаврило Принсипке деген көзқарас өзгерді, тіпті шиеленіске түсті. Босния және Герцоговина, Сербиялық сербтер Гаврило Принсипті батыр деп қабылдаса, хорваттар мен босниялық мұсылмандар соғысты тұтандырушы террорист деп қабылдайды. Тіпті Босния және Герцоговина Республикасының астанасы Сараево қаласында Гаврило Принсипке ескерткіш орнатпақ әрекет үлкен жанжалға ұласа жаздады. Черногория халқыда Гаврило Принсипке пікірі екіұдайы бір тарап Гаврило Принсиптің арғы ата-бабалары Черногориядан болғандығын мысалға алып құрметтесе, екінші тарап оны террорист деп қабылдайды. Австриялықтар, албаниялықтар Гаврило Принсипті мүлде жағымсыз бейнеде көрсетеді.

Әлбетте, Гаврило Принсиптің әрекетін ақтап алуға болмайды. Тіпті оның болмысы қазіргі таңда елдерді біріктіруші емес бөлудің нышаны десек қателеспегеніміз болады.

Австро-Венгрия империясының тақ мұрагері эрц-герцог Франц Фердинандқа жасалған қастандық суреті ғаламтордан алынды
Австро-Венгрия империясының тақ мұрагері эрц-герцог Франц Фердинандқа жасалған қастандық суреті ғаламтордан алынды