Найти в Дзене
SN Production

Бой өсіруді тежейтін факторлар мен әдеттер! мдр

Осылай өлшеп шаршадың ба? Онда әрі қарай оқы!
Осылай өлшеп шаршадың ба? Онда әрі қарай оқы!

Қалай бой өсіруіме болады деген сұраққа барлығымыз "турникке тартыл сосын таудай боласың " деген сөзді естіп шаршаған шығармыз! Бұл жауап нәтижеге апармайды,керісінше көбінесе мотивацияны жойып жібереіді. Себебі өте қарапайым (тупойский) жауап, айтуға ерініп айта салынған деп ойлаймын. Әрине нәтижеге жету үшін бірталай тер төгу керек екені бәрімізге түсінікті. Осы жерде не жасау керек деген сұрақ қайта келеді. Жауап-"турникке бес подходтан күнде тартыл, мынандай жаттығулар жаса және т.б". Енді жауаптың бір мәні кіре бастаған сияқты. Бірақта бұл жауап толық бой өсіруге көмектеспейді, сондықтан да әрі қарай зерітттейік. Біз толық кепілдік ала алмаймыз, яғни бүгінгі жазбада алдыңғы жазбадан да тереңірек талдайтын боламыз!

Айтпақшы сізге бой өсіру үшін ең тиімді жаттығулар туралы білгіңіз келсе осы жазбаны оқысаңыз болады!

Бой өсіруге мынанша,мынандай жаттығулар жасадың бірақта сен күткендей болмады. Сенде одан сайын мотивация жоғала түседі, бірақ мұңайатын уақыт емес. Сіз мынаны түсініуіңіз керек. Жақсы барлық жаттығуды көрдіңіз бірақ өзіңізге мүлдем күтім жасамадыңыз, дүкеннен кез келген пайдасы жоқ тағамдар мен газдалған сусындар мен арақ-шарап аласыз . Осы жерден сіз үш жерден минусқа кетіп жатқаныңызды сезбей қаласыз.

  1. Дұрыс инвестиция құйып жатқан жоқсыз
  2. Алтын уақытыңыз
  3. Бойыңыздың өсуі
кока-кола өнімі !
кока-кола өнімі !

Бізге қазір үшіншісі өте маңыздырақ болғандықтан, жоғарыдан айтылғаннан сөздерден түсінетініміз сізге жаттығудан бөлек тағамдарды дұрыс таңдауды бақылау керек екен деген қортындыға келеміз.Тіпті біз күнделіктк қолданатын фаст фуд, чипси онымен қоса газдалған тәтті шырын сусындарды оның ішінде кола, пепсиді өзіңіздің тұтынатын тағамдардан алып тастауыңыз керек. Оның орнына пайдалы заттарды қойсаңыз болады немен алмастыру керек екенін болашқта айтатын боламыз.

Тез жасалтын өнімдер не себептен бойды өсіруге кедергі десеңіз. Себебі фаст фуд 99% ГМО-дан жасалады. Яғни таза ірімшіктің өте сапалы болу үшін басқа гендерді алып ірімшіктің генін өзгертеді. Ірімшіктің сапасы жақсарады, тек сапалық емес сандық жағы жақсарады. Бір сөзбен айтқанда табиғилығын жояды. Енді өзіңізде түсінген боларсыз. Қанша жерден жемеймін бұндай тағам алмаймын десем өтірік болады. Сондықтан әділдік болуы үшін айына бір рет қана немесе азайсаңыз жақсы болады. Бұнымен қоймай бұл тағам біздің бауырымзға зиянын тигізеді, организімдегі өсу гармондарының жылдамдығын баяулатды.

Шіркін-ай!
Шіркін-ай!

Кока-колаға келетін болсақ ол тек бойды өсіруге кедергі болмай,сіздің артық салмақ қосуыңызға көмектеседі. Ішіңізде дөңгелек қарын пайда болады. Оған басты себеп сусынның құрамында қант мөлшері өте көп болғандықтан. Енді кезекте бойдың өсуіне кедергі болуына басты себеп, барлық газдалған, тәтті сусындардың құрамында ортофосфорлы қышқылдың болуы. Бұл қышқыл сіздің организіміңізді өте қатты қышқылдандырады, сол себептен бұл процесті бейтараптандыру үшін сүектің құрамындағы кальций бөлінеді.

Енді не ішеміз ?
Енді не ішеміз ?

Ең соңғы тежегіш ол -ащы сусын мен шылым. Айтпасада түсінікті деп отырған шығарсыздар. Бірақ бұл өте маңызды бөлік. Тек бой өсіруге емес болашағымызғада үлкен тежегіш болады. Сол себептен бей-жай танытпайық. Енді дәлелдемелер ретінде көрсетейік десек, арақ пен темекі туралы қаншама зеріттеулер жүргізлген. Барлығында мүлдем өміріңнен сызып тастау керек екенің көрсетеді. Бұл фаст фуд сияқты емес бірден өміріңізден сызып тастау қажет!

Темекінің қандай улы заттардан тұратынын көруге болады.
Темекінің қандай улы заттардан тұратынын көруге болады.

Бой өсіруді тежейтін әдетке ұйқының дұрыс болмауын жатқыза аламыз. Осыны естіп алып түске дейін ұйықтамасаңыз болғаны. Қалжыңсыз айтқанда ұйқы кезінде адам комаға жатқандай болады. Бізге берген Алланың нығметі десекте болады. Барлық шаршағанымыз кетіп, күні бойы кеткен энергиямыз батарейка секілді толады. Ұйқыны тегін дәрігер десекте болады. Ал енді бұларды неге айтып отыр десеңіз, адамға жаттығу мен физикалық істерді толық жасау үшін орасан энергия керек,егер сіз дұрыс ұйқыңызды қандырмасаңыз мең-зең болы, бой өсіруге арналған жаттығуларды жасауға мұршаңыз болмайды. Екіншіден автоматты түрде өсуке қажет гармондарыңыз қалыпты жағдайдан төмен болып денеңіз бен бойыңыздың өсуіне жұмсалмай қалады.

Тәтті ұйқыға не жетсін. Дегенменде одан кейінде маңызды мақсаттарың бар екенін ұмытпа!
Тәтті ұйқыға не жетсін. Дегенменде одан кейінде маңызды мақсаттарың бар екенін ұмытпа!

Қортындылайтын болсақ жаттығудан бөлек мәселерді қарастыру керек екенін түсінуге болады! Мейлінше ұйқыңызды ретке келтіріп, пайдалы тамақ жеуге әрекет жасаңыз. Арақ шараптан,темекі шылымнан өте алыс жүріңіз!!! Кола мен сусындар туралы айтатын болсам оның орнына кәдімгі суды қолданыңыз. Кейбір уақытта ішіп тұрсаңыз болады. Осында айтылған ақпарттарды міндетті түрде падалансаңыз сол кезде сізде міндетті түрде нәтиже болады!

Сонымен қатар бой өсіруді тоқтатын мифтер туралы мына сілтемеден өтіп көре аласын!