Суға араластырып ішу керек: Ас содасының пайдасы анықталды
АҚШ-та медицина колледжінің мамандары ас содасының қауіпті аутоимунды аурулардан қорғайтынын анықтады. Зерттеушілердің сөзіне сенсек, ас содасын суға араластырып ішу арқылы – ревматоидті артрит пен қызыл жегі ауруының алдын алуға болады. Тәжірибе барысында ас содасы тышқандарға берілді. Дәрігерлер асқазан қышқылының түзілуіне септігін тигізетінін дәлелдеді. Ал қышқыл өз кезегінде патогенді жасушаларды өлтіріп, ас қорытуға көмектеседі. Сондай-ақ, дәрігерлердің болжамынша, сода көкбауырға түсетін салмақты азайтады...