“Алланы шын көңілімен сүйген адам шарапханаға кірсе, ол жер намазханасына айналар. Алайда ішкіш намазханаға кірсе, ол жер шарапханасына айналар. Мына өмірде не істесек те жылтыраған тысымыз бен түріміз емес, ниетіміз маңызды.” © Шәмс-и Тебризи
Dűşűnmek
- Адам бір түнде иманды болып кетпейді. Өзін имандымын деп жүрген адамның басына күндердің күні іс түсер, сонда қайтерін білмей тығырыққа тірелер, басы қатар. Соңыра есін жиып, иманы нығаяр, артынша тағы да күмән тұңғиығына батар… Осылай кете береді. Белгілі бір межеге жеткенше басымызды тауға да, тасқа да соғамыз. Бірде діндар, бірде күнәһар, бірде екеуіне де жоқпыз. Бірде жұмақ, бірде тозақ. Тек осылай ілгерілейміз. Қадам басқан сайын Хақ Тағалаға жақындай түсеміз. Күмәнсіз иман жоқ. …🖊📖
«- Біреудің аузынан шыққан балдай сөз, біреудің құлағына удай ащы болып тиері сондықтан, -деді Шәмс-и-Тебризи. - Алайда Алла сөзге емес, ниетке қарайды. Әркімнің өз жолы бар, құлшылығы бір басқа. Жаны күйген ғашықтардың шариғаты бүтін діннен бір бөлек. Мәзхаб, дін, тіл деп бөлмейміз. Жамағатты біртұтас деп білеміз. Біреудің аузынан шыққан сөзді “күнә” демейміз, өйткені Алла олардың жүрегіндегіні біледі, біз білмейміз. Үндемейміз, ешкімді шеттетпейміз, кеуіліне келмейміз. Біздің жалғыз мәзһабымыз бар. Ол да - Алла.» 📖
