Найти в Дзене
Help! Пол Маккартнидің жоғалған бас гитарасын жаһандық іздеу баcталды
Электр гитара өндірушісі Карл Хофнер Пол Маккартнидің жоғалған бас-гитарасын табу үшін халықаралық жобаны бастады. «The Lost Bass» ("Жоғалған бас") деп аталатын жобаны Ник Васс басқарды. Ол 12 жыл бойы Карл Хофнер фирмасында маркетинг менеджері және электргитара әзірлеушісі болып істеген. Сондай-ақ, онымен бірге жобаға журналист Скот Джонс және телепродюсер Наоми Джонс қатысады. «Пол Маккартнидің жоғалған бас-гитарасы - оқиғаның жетіспейтін бөлігі. Бұл гитара 1960 жылдардың басында The Beatles...
2 года назад
«California Dreamin'» әннің тарихы
«California Dreamin'» әні ностальгияның арқасында пайда болғанын білесіз бе? Бұл тамаша шығарма бір дәуірдің әнұранына айналған еді. 1963 жылдың қыстың күні жас жұбайлар Мишель мен Джон Филипс Калифорниядағы демалыстан кейін Нью-Йоркке оралған болатын. Мишель шауқты Калифорнияда туып өскен, сондықтан Нью-Йорктің қысы оған жақпады. Джон әйелінің мұңын сезіп, бір түнде "Эрл" қонақүйінде болған кезде әннің бірінші шумағын жазды. «California Dreamin'» мағынасы Джон мен Мишельдің сүйікті Калифорнияға сағыныш сезімдері туралы айтады...
2 года назад
Тамыз айында шыққан бейнебаяндар
Міне жаз да өтті де кетті. Жаздың соңғы айы басында ыстық болып, соңына қарай күз сияқты болып кетті. Иә, алдымызда күз, сондықтан осы топтамада жаздың соңғы айда шыққан бірнеше бейнебаянды көріп тамашалап, ыстық күндерді еске алайық. RaiM мен Ерке - «Бұл махаббат» Қазақстандық белгілі әртістер, RaiM мен Ерке, жуырда жаңа ән мен бейнежазбасын жариялады. Композиция өте әдемі, өздерінің махаббаты туралы. Green Day - «Basket Case (4-Track Demo)» Ал американдық музыкаға келсек, аңызға айналған панктер өздерінің «Basket Case» трегінің демо нұсқасын жариялаған...
2 года назад
Стадиондарда айтатын әндер
Спорт пен музыка арасында күшті байланыс бар екенін бәрімізге белгілі. Осы жинақта бірнеше стадиондарда айтатын әндерді көріп тамашалайық. Quenn - «We Will Rock You» Әндерді тек қана футбол ойындарда емес басқа да спорт түрлерінде айтылады. Соған дәлел американдық футбол ойынан бейне. Бұл әуен сіздерге белгілі. Queen тобы 1977 жылы шығарған бүкіл әлемге танымал хит. The White Stripes - «Seven Nation Army» Келесі трек стадиондарда айтылатын хиттерінің бірі. Ол 20 жыл бұрын The White Stripes тобының «Elephant» альбомында шыққан болатын...
2 года назад
Юрий Шевчук - "Волки в тире" еңбегіне шолу
«Волки в тире» - бұл Юрий Шевчуктың және шетелдік агенті атағын алған Земфираның гитаршы Дмитрий Емельяновпен бірігіп жазылған жеке альбомы. Жаңа материалмен музыканттар 2022 жылдың жазыда жұмыс істеп бастаған. Дискіні тоғыз ән құрды, олардың екеуі - «Родина, вернись домой» мен «Похороны войны» - сингл ретінде біршама уақыт бұрын шыққан болатын. «ДДТ тобының жағдайы жақсы, бірақ кейде басқа дыбыс, басқа әуен, басқа музыканттармен жұмыс істеуді, жаңа интонацияларды табуды қалаймын (әріптестер мені түсінер) - деп айтады ДДТ тобының көшбасшысы...
2 года назад
Әлис Купер - «Road» альбомына шолу
Шок-роктың негізін қалаушы тағы да жаңа альбомын шығарды. Сызықты емес гармониялармен, дыбысты электронды өңдеуімен және үйінді аранжировкалармен эксперименттер уақыты аяқтап - Әлис Куппер қайтадан 70-ші жылдар музыкасына оралған сияқты. Өйткені ол кезеңде шок-рокер жоғары табысқа жеткен болатын. Әлис 75 жасында болса да «Road» альбомында жұмыс істеуге күші әлі бар екенін көрсетеді. Гастрольдік музыкант болғасын, Купер жолда көп уақыт өткізіп, өзі алған әсерлерін осы шығарманың музыкаға аударғандай...
2 года назад
Астанадағы Мумий Тролль тобының концертінен бірнеше фото жариялап отырмын. Концерт өте жақсы болды.
2 года назад
Мумий Тролль - 5 үздік концерт
Мумий Тролль - бәрімізге белгілі ресейлік топ. Ол 1983 жылы құралған болатын. Осы шолу барысында Лагутенко және компанияның 5 қызықты концерттерін қарап шығайық. "Горбушка" мәдениет сарайы (17-18 желтоқсан 1998 жыл). Мәскеудегі ең бірінші концерттер аңызға айналған Горбунов атындағы мәдениет сарайында өткен болатын. Лагутенко топты 1983 жылы құрғанымен Мумий Тролль көпшілікке тек 1997 жылы танымал болды. 1998 жылдың соңында топ бірнеше хиттерді шығарып, "рокапопс" деген жанрдың көшбасшысы атанды...
2 года назад
Мектеп туралы 10 ән
Көбінесе болашақ жұлдыздар мектепті жек көретін. Ал жасөспірім үшін сабақтан, ұстаздан және үй тапсырмасын істеу қызықсыз дүние жоқ. Осы топтамада мектеп туралы және оқуға арналған қандай әндер бар екенін еске түсірейік. Elvis Presley - «Steadfast Loyal and True» Топтамамызды рок-н-ролл патшасы Элвис Пресли бастайды. Ол үшін мектеп сахнасы әлемдік даңққа жету жолындағы бірінші шыңы болды. Бұл оқиға мектептегі дарындар байқауында болды. «Ол тақтаға гитарамен шығып, бастапқы аккордтарды тартқан кезде,...
2 года назад
ДДТ тобы Қонаевтағы фестивальда қазақша ән айтты
Осы демалыс күндері Қонаевта Family Fest рок-фестиваль өтіп, оған бірнеше ресейлік әртістер де қатысты. Сол фестивальдің сахнасында танымал ДДТ тобы қазақ тілінде ән орындап, қазақ жанкүйерлерін қуантты. Әлеуметтік желіде аңызға айналған ресейлік тобының бейнелері пайда болды. Музыканттар өздерінің «Ты не один» композициясын қазақ тілінде орындады...
2 года назад
🎤🎶 Бүгін Астанадағы Барыс Аренада Земфираның концерті болады. Өкінішке орай өзім бара алмайтын болдым. Сондықтан сіздерге Земфираның алғашқы концерттерінің бірін ұсынып отырмын. Осы концертті теледидардан көрген едім. 📺 Бұрын көрсетілген рок-концерттерін магнитофонға жазатынмын. Дыбысы нашар болса да, соған риза болып отырдым. 🎧 https://www.youtube.com/watch?v=2JDfUKpJ5qg
2 года назад
Юрий Шевчук гитаршы Дмитрий Емельяновпен бірге өзінің жеке альбомын шығарды. Кейінірек альбом тыңдап шолу жазамын, ал қазір өздеріңіз де тыңдап көріңізздер. 🎧 https://t.me/ddtrock/59
2 года назад