iPhone 14 – Өзгеріс деп осыны айт. iOS 16 – Жаңа көзқарас.
Macrumors порталының хабарлауы бойынша iPhone 14 Pro мен iPhone 14 Pro Max смартфондары Android смартфондарының қолданушылары асыра сілтемей-ақ жылдар бойы пайдаланып келе жатқан функциямен толықпақ. Әңгіме әрине Always On Display туралы. Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры демекші әңгіменің төркіні мынада болып тұр, iPhone 13 Pro мен iPhone 13 Pro Max смартфондарының экрандық жаңарту жиілігі 10 Гц тен 120 Гц-ке дейін ғана болса, ал енді олардың тікелей мұрагерлері қуатталған дисплеймен жаңартылып жиілігі 1 Гц тен 120 Гц-ке дейін болмақ...