1 прочтение · 1 год назад
2015 жылы Маңғыстау облысы Қарақия ауданында барыстың қақпанға түсіп қалғаны туралы суретімен расталған ақпарат әлеуметтік желілерде кеңінен тараған болатын. Бұл мәлімет қоғам арасында ұзақ талқыланды әрі үлкен қызығушылық туғызды, себебі сол кезде жануардың бұл түрі Қазақстанның фаунасында бұрын соңды кездеспеген және бұл аумақтарда мекендегені туралы ақпарат болмаған. Бұл ретте ғылыми әдебиеттен белгілі, көршілес Түркменстан аумағында алдыңғы азиялық барысының шамамен 100-ден астамы өмір сүретіні айтылады. 2018 жылдың қыркүйек айында Қазақстанда алғаш рет Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері фототұзақтың көмегімен жас еркек алдыңғы азиялық барысының суретімен бөліскен болатын, сол кезде бұл нағыз зоологиялық жаңалық болатын. Ақпараттық науқан жүргізу барысында және балалар арасында шығармашылық сурет байқауын өткізу кезінде барысқа Тау Шері деген есім берілген. Осылайша екі жылға жуық Тау Шері барысы қорық аумағында бірнеше рет фототұзыққа түсіп қалып жүретін. Алайда жаз мезгілінде көзден таса болып мүлде көрінбей кеткен еді, мамандар жабайы жануарының қорық аумағынан шығып кетуінің себебін өзінің ортасын іздеп кеткен болуы керек деп болжам жасады. Барыстың Маңғыстау жерінде мекендеуі туралы жануарлар әлемін қорғаушы мамандардың биологиялық негіздеме жасақтап, аталмыш алдыңғы азиялық барысын Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізу бойынша жұмыстанды, нәтижесінде осы мәселе негізге алынып 2021 жылы Үкімет тарапынан тиісті шешімі қабылданды. Сондай-ақ, Қазақстанда барыс популяциясын сақтап қалу жөніндегі арнайы іс-жоспары жасақталды. Бірінші басымдықтардың қатарында барыстың және оның негізгі қоректенетін объектілеріне (Үстірт тау қойы мен қарақұйрық) мониторинг жүргізу, жануарлардың негізгі мекендейтін ортасында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желісін кеңейту, ықтимал қақтығыстардың алдын-алу мақсатында жергілікті тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, адамдар мен жабайы жануар арасындағы болуы мүмкін қақтығыс жағдайларды болдырмау, сондай-ақ браконьерлікпен күрес, соның ішінде үлкен тұзақтарды қолдануға жол бермеу болды. 2021 жылы Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында жергілікті тұрғындар өлі барысты тауып алғандығы туралы ақпарат тиісті табиғат қорғау мекемелеріне хабарлаған болатын. Өлген жануардың суреттеріне жан-жақты талдау жүргізген мамандар, өкінішке орай, қорық аумағынан шығып кеткен Тау Шері екенін растады. Сарапшылар жануардың нақты неден өлгені туралы негізгі себебін таба алмады, алайда бұл жағдайда барыс өлерінің алдында браконьерлер тарапынан жараланған болуы мүмкін деген болжам айтылды. Тау Шерінің денесін тауып, анықталуына «Табиғи орта» Батыс Қазақстан ҮЕҰ өңірлік ассоциациясының биолог сарапшылары Нұрлыхан Исмаилов пен Айбат Мұзбай зор үлес қосқандығын атап өтілуі керек. Тау Шерінің тағдырына алаңдаған табиғат жанашырларының көңіл күйін түсірген бұл қайғылы оқиғадан кейін, Қазақстандағы барыстың мекендеу тарихы осымен бітті немесе бұл бұдан былай қайталануы екіталай деген ақпарат айтылды. Алайда, 2022 жылдың ақпан айында Үстірт қорығынан жанға жағымды жаңалық келді: ерекше қорғалатын табиғи аумақта қойылған фототұзақтың бірінде жаңа барыстың арқасы мен құйрық бөлігінің фрагменті объективке түсіп қалған, бұл бейнекадрді басқа жануармен шатастыру мүмкін емес болатын. Ал 2022 жылдың жазында және 2023 жылдың сәуірінде барыстың Маңғыстау жерінде кездескені туралы расталған мәліметпен «Қызылсай» өңірлік табиғи паркінің қызметкерлері бөлісті. Осылайша барыстың Маңғыстау облысына қайта оралғаны белгілі болды. Бұл сирек кездесетін ерекше жануардың жүріс-тұрысын тиімді бақылау және қорғау үшін әртүрлі табиғат қорғау ұйымдарының бірігуі маңызды болды. 2023 жылдың мамыр айында Қазақстанда ірі мысықтарды зерттеу және қорғау бойынша халықаралық трансшекаралық жоба іске қосылды. Жобаның Қазақстандағы негізгі орындаушысы «Биоәртүрлілікті зерттеу және сақтау орталығы» қоғамдық қоры. Жобаны іске асыру аясында қазірдің өзінде жаңадан бірнеше фототұзақтар сатып алынды, олардан алынған мәліметтермен Үстірт қорығы, «Қызылсай» өңірлік табиғи паркі, Кендірлі-Қаясан қорық аймағы және а mangystau
21,4K прочтений · 5 лет назад
Крепость на колёсах: БТР «Барыс»
Многоцелевая бронированная машина «Барыс 8х8» — новинка на вооружении казахстанских сухопутных войск. Броневик сделан на шасси mbombe производства южноафриканской Paramount Group. Выпускают боевые машины в Казахстане, на совместном предприятии «Казахстан Парамаунт Инжиниринг»...