Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты қоғам шығармашыл әрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екенін күнделікті өмірдің өзі дәлелдеуде, осыған орай бүгінгі күні білім беру мекемелері мен ұстаздарға үлкен талап қойылуда. Ағылшын тілін оқытудың басты мақсаты – шынайы өмірде оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін қалыптастыру болып табылады. Ағылшын тілін оқытудың тарихы жүз жылдап есептелінеді. Орта мектепте ағылшын тілін оқытудың тарихы 1947 жылдан басталады...