Ұлттық кезеңнің жеңімпаздары Американың Хьюстон қаласында өтетін халықаралық чемпионатта ел намысын қорғауға мүмкіндік алады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. Дүниежүзілік FIRST Robotics қозғалысы аясында іріктеу ойындары 21-29 қаңтар аралығында Астана, Алматы, Шымкент және Орал қалаларында өтеді. Жарыс Оқу-ағарту министрлігі мен USTEM Robotics қоғамдық қорының қолдауымен өтеді. «Биылғы жарыс энергия тақырыбы аясында өтіп жатыр. Роботтарды бағдарламалау мен құрастырудан бөлек, балалар инновациялық жобалармен айналысады. Өңірлік кезеңге өту үшін әрбір команда әлеуметтік желілерде көптеген тапсырмаларды орындады, соның ішінде балалар түрлі энергетикалық станцияларға барып, репортаж жасап, сарапшылардан сұхбат алды. Онымен қоса, оқу орындарында шеберлік сабақ өткізді, сондай-ақ, өздерінің жергілікті қоғамдастығы ішінде маңызды мәселелерді көтерді. Балалардың еңбектерін #FIRSTKZ2023 хэштегі арқылы инстаграм желісінен тамашалауға болады. Ақпанның 24-26 аралығында Астанада өтетін Ұлттық кезеңнің жеңімпаздары ел намысын қорғауға Хьюстонға, АҚШ-қа барады. Айта кетейік, жыл сайын робототехникамен айналысатын балалардың саны артып келеді. Бұған себеп Оқу-ағарту министрлігінің қолдауы. Осы бағыттағы үйлесімді еңбектің нәтижесінде 2022 жылдың қазан айында біздің оқушылар Женевада өткен FIRST Global Challenge Дүниежүзілік жарысында жеңіске жетті. Кейін Шымкент қаласының оқушылары Дортмунд қаласында өткен робототехника бойынша Халықаралық Олимпиадада алғаш рет екінші орын иеленді», - деді USTEM Robotics қорының жетекшісі Асылбек Мурзахметов. Соңғы 3 жылда Қазақстанда 3 мыңнан астам робототехника кабинеті ашылды. Екі мыңнан астам мұғалім робототехника курстарынан өтті. ortcom.kz/...435
06:44
1,0×
00:00/06:44
646,3 тыс смотрели · 4 года назад
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғай министрі, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық жөніндегі ұйымдастыру комитетінің төрағасы Т. Дүйсенова аталған ойындарға дайындық бойынша отырыс өткізді. Онда Астана қаласы әкімдігі мен Мәдениет және спорт министрлігінің Астананың спорт инфрақұрылымының шараға дайындық деңгейі туралы ақпараты тыңдалды. Отырыс барысында Тамара Дүйсенова V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында жарыстар өткізу үшін Астана қаласында қолданыстағы спорт нысандары пайдаланылатынын, арнайы жаңа нысандар салынбайтынын атап өтті. Елорда әкімдігінің деректеріне сай осы халықаралық іс-шараға дайындық аясында «Астана Арена» стадионы, «Алау» мұз сарайына жөндеу жүргізіледі. Сондай-ақ бюджеттен тыс қаражат есебінен елордалық «Қазанат» ипподромын реконструкциялау жоспарланған. 2024 жылы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу эстафетасы Қазақстанға берілді. Дүниежүзілік көшпенділер ойындары (World Nomad Games) – этникалық спорт түрлері бойынша халықаралық жарыс. Оған Орталық Азияның тарих бойынша көшпелі халықтарының ұлттық ойындары негіз болды. ortcom.kz/...168