2024 жылғы ақпан айының соңындағы деректерге сәйкес республика бойынша еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркелген еңбек шарттарының саны 4 млн 494 мыңды немесе 95% құрады. Өңірлер бөлінісінде бұл көрсеткіш 90%-дан 100%-ға дейін өзгереді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі еңбек қатынастарының ашықтығын қамтамасыз етеді, қарапайым еңбек шарттарынан ғана емес, оларды жасау үшін қажетті басқа да қағаз құжаттардан бас тартуға мүмкіндік береді. Жұмыскерлер үшін электрондық еңбек шарттары жүйесін пайдалану жұмысқа орналасу процесінің барлық кезеңдерін жеңілдетуге мүмкіндік береді, оның ішінде құжаттарды жинау қажеттілігі алынып тасталады. Жұмыс беруші үшін кадрлық іс жүргізу, оның ішінде жұмыскерлерді жалдау және ауыстыру оңтайландырылады. Кандидаттың электрондық жеке ісіне қол жеткізудің арқасында ол жеке куәлік, білімі туралы диплом, еңбек қызметі, жұмыс өтілі және қызметкердің біліктілігі бойынша сенімді деректерді ала алады. Тиісінше, қызметкерлерді іріктеу неғұрлым сапалы деңгейде жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта еңбек жағдайларын жақсарту, қызметкерлердің құқықтарын сақтау мәселелерінде жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы ұжымдық-шарттық қатынастарға баса назар аударылады. Ұжымдық шарттардың негізгі мақсаты – қызметкерлердің әлеуметтік және еңбек құқықтарына кепілдік беру. Бүгінгі күнде Қазақстанның ірі және орта кәсіпорындарының 98,4%-ында ұжымдық шарттар жасалды. Өңірлерде еңбек инспекциясы барлық кәсіпорындарда ұжымдық шарттар жасасу бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді. Еңбек шарттарын тіркеу hr.enbek.kz еңбек ресурстары порталы арқылы жүзеге асырылады, ол Электрондық еңбек биржасының цифрлық жұмыспен қамту экожүйесінің бөлігі болып табылады. Бұл экожүйе азаматтарды кәсіби жолында мамандық таңдаудан бастап еңбек қатынастарын рәсімдеуге дейін сүйемелдейді. Бір есептік жазбасы болса тұра, азамат порталда немесе Enbek.kz қосымшасында жұмыс таба алады немесе жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қызметтерді алып, Skills.Enbek.kz онлайн-оқыту платформасында жаңа дағдыларды үйренеді және Business.Enbek.kz порталында бизнес ашуға мемлекеттік грант ала алады. Сондай-ақ, портал функционалын Enbek HR мобильді қосымшасы арқылы пайдалануға болады. https://ortcom.kz/kk/novosti/1709177241
2023 жылғы наурызда Электрондық еңбек биржасында 73,5 мың бос жұмыс орны және 63,5 мың түйіндеме орналастырылды. Ақпан айымен салыстырғанда бос орындар саны 3%-ға (-1,9 мың бос жұмыс орны), ал түйіндеме – 35%-ға (-33,9 мың) азайды, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ сарапшылары хабарлағандай, кадрларға ең үлкен қажеттілікті білім беру (13,9 мың), басқа да қызмет түрлері (7,7 мың) және денсаулық сақтау (3,4 мың) секторларының кәсіпорындары көрсетті. «Бұл ретте сұраныстың біліктілік құрылымында наурыз айында өзгерістер жоқ. Яғни біліктілігі төмен еңбекке жеткілікті төмен сұраныс болған кезде жоғары білікті мамандарға сұраныс тенденциясы сақталды. Бұл орналастырылған бос жұмыс орындарының тек 20%-дан кемі болып отыр. Орта білікті жұмысшыларға сұраныс жоғары болып қалуда – олар бос жұмыс орындарының 40%-ын құрады.Бұл ретте сұраныс пен ұсыныс арасында теңгерімсіздік байқалды – орташа біліктілігі бар ізденушілер орналастырылған бос жұмыс орындарының жартысына жуығы болды, ал біліктілігі төмен еңбек көрсететін адамдар жұмыс берушілерге талап етілгеннен екі есе көп болды», – деді ЕРДО Стратегия және үлкен деректер департаменті директорының орынбасары Ұлпан Шегенова. Наурыз айында ең көп сұранысқа ие жұмыскерлердің арасында біліктілігі жоқтармен қатар жүргізушілер (1,6 мың), тәрбиешілер (1,5 мың) және күзетшілер (1,4 мың бос жұмыс орны) болды. Сондай-ақ, санитарлар (1,3 мың), медбике/мейіргер (1,2 мың) және бухгалтерлер (1,2 мың бос жұмыс орны) сияқты мамандарға қатысты жоғары сұраныс әлі де байқалады. «Өткен айда жұмыс орындары үшін бәсекелестік тек біліктілігі жоқ жұмысшыларда ғана байқалмады. Мамандар арасында заңгерлер (ізденушілердің түйіндемелерінің саны 432-ге артық), әлеуметтік қызметкерлер (352 түйіндемеде) және дене шынықтыру және спорт мұғалімдері (250 түйіндемеде) жоғары бәсекелестікке тап болды», – деп бөлісті Ұлпан Шегенова. Бос орындар санының өсуі 6 өңірде, оның ішінде Солтүстік Қазақстан (+28% немесе 582 бос жұмыс орны), Жамбыл (+15% немесе 467 бос жұмыс орны), Ақмола (+15% немесе 450 бос жұмыс орны) және басқа да облыстарда тіркелді. Бұл ретте кадрларды іздеу белсенділігінің төмендеуі бірден 14 өңірде байқалды. Маңғыстау облысында бос орындар саны 37%-ға азайды (-747 бос жұмыс орны), алайда түйіндемелер саны 39%-ға (2 мың түйіндеме) қысқарған. Сондай-ақ гендерлік құрылым өзгермеген – ерлер мен әйелдер бірдей белсенді жұмыс іздеді. Жас топтары бойынша ізденушілердің жалпы санынан 47% (29,9 мың) – 35 жасқа дейінгі жастар, олардың ішінде 31-35 жас аралығындағы ізденушілер белсенділік танытты (9,3 мың түйіндеме). Барлық түйіндемелердің 33%-ы (21,2 мың) 36-50 жас аралығындағы адамдардан, қалған 20% - ы (12,4 мың) – 50 жастан асқан ізденушілер. Наурыз айының қорытындысы бойынша ең көп жалақыны телекоммуникациядағы жобалар жетекшісі (орта есеппен 1,6 млн теңгеден бастап), бас комплаенс-бақылаушы (~1,3 млн теңге) лауазымына үміткер ізденушілер, сондай-ақ мұнайды есепке алу, резервуарлар және машиналарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі инженерлер (~1 млн теңге) сұраған. Сонымен қатар жұмыс берушілер желілік инженерлерге (орта есеппен 900 мың теңгеден бастап), өнеркәсіптік альпинистерге (~ 625 мың теңге), сондай-ақ бұрғылау жөніндегі инженерлерге (~ 550 мың теңге) ең жоғары жалақы ұсынды. Осылайша, ЭЕБ мәліметтері бойынша, еңбек нарығында жұмысқа қабылдау және жұмыс іздеу процесінің белсенділігін төмендету үрдісі жалғасты. Бұл ретте еңбек нарығындағы негізгі белсенділік шағын, орта және ірі кәсіпорындарда сақталды. ortcom.kz/...772