2024 жылғы ақпан айының соңындағы деректерге сәйкес республика бойынша еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркелген еңбек шарттарының саны 4 млн 494 мыңды немесе 95% құрады. Өңірлер бөлінісінде бұл көрсеткіш 90%-дан 100%-ға дейін өзгереді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі еңбек қатынастарының ашықтығын қамтамасыз етеді, қарапайым еңбек шарттарынан ғана емес, оларды жасау үшін қажетті басқа да қағаз құжаттардан бас тартуға мүмкіндік береді. Жұмыскерлер үшін электрондық еңбек шарттары жүйесін пайдалану жұмысқа орналасу процесінің барлық кезеңдерін жеңілдетуге мүмкіндік береді, оның ішінде құжаттарды жинау қажеттілігі алынып тасталады. Жұмыс беруші үшін кадрлық іс жүргізу, оның ішінде жұмыскерлерді жалдау және ауыстыру оңтайландырылады. Кандидаттың электрондық жеке ісіне қол жеткізудің арқасында ол жеке куәлік, білімі туралы диплом, еңбек қызметі, жұмыс өтілі және қызметкердің біліктілігі бойынша сенімді деректерді ала алады. Тиісінше, қызметкерлерді іріктеу неғұрлым сапалы деңгейде жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта еңбек жағдайларын жақсарту, қызметкерлердің құқықтарын сақтау мәселелерінде жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы ұжымдық-шарттық қатынастарға баса назар аударылады. Ұжымдық шарттардың негізгі мақсаты – қызметкерлердің әлеуметтік және еңбек құқықтарына кепілдік беру. Бүгінгі күнде Қазақстанның ірі және орта кәсіпорындарының 98,4%-ында ұжымдық шарттар жасалды. Өңірлерде еңбек инспекциясы барлық кәсіпорындарда ұжымдық шарттар жасасу бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді. Еңбек шарттарын тіркеу hr.enbek.kz еңбек ресурстары порталы арқылы жүзеге асырылады, ол Электрондық еңбек биржасының цифрлық жұмыспен қамту экожүйесінің бөлігі болып табылады. Бұл экожүйе азаматтарды кәсіби жолында мамандық таңдаудан бастап еңбек қатынастарын рәсімдеуге дейін сүйемелдейді. Бір есептік жазбасы болса тұра, азамат порталда немесе Enbek.kz қосымшасында жұмыс таба алады немесе жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қызметтерді алып, Skills.Enbek.kz онлайн-оқыту платформасында жаңа дағдыларды үйренеді және Business.Enbek.kz порталында бизнес ашуға мемлекеттік грант ала алады. Сондай-ақ, портал функционалын Enbek HR мобильді қосымшасы арқылы пайдалануға болады. https://ortcom.kz/kk/novosti/1709177241
🔶Отандық өңдеу өнеркәсібінің дамуы: қандай өндірістер өсуді көрсетті Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбековтың айтуынша, ағымдағы жылдың 9 айында өндірістің өсуі 4,8% құрады. Мәселен, т/ж машина жасауда жүк вагондарын өндіру 6 есеге ұлғайды, теміржол рельстері 50%-ға көп өндірілді – 180 мың тонна. «Біз ҚТЖ-ның рельстерге деген қажеттілігін басым тәртіппен жабамыз, қалған көлемін Өзбекстанға, Грузияға, Әзербайжанға және т.б. елдерге экспорттаймыз. Бұл жерде біздің міндетіміз Транскаспий дәлізі мен Солтүстік-Оңтүстік жүк айналымының жаңа ағындары бөлігінде ҚР көлік саласын дамытумен үндесу», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында. Сонымен қатар, қуаттылығы жылына 40 мың тонна аммоний сульфатын өндіру жолға қойылған. Бұл тыңайтқыш дәнді, майлы, жемшөп және көкөніс дақылдарын өсіруде қолданылады. «Жаңа және қолданыстағы қуаттардың арқасында қазір аграршыларымыздың қажеттілігін толығымен жаба аламыз», - деп қосты Олжас Сапарбеков.