06:44
1,0×
00:00/06:44
483,3 тыс смотрели · 4 года назад
Археологтар Қазақстан жерінен тас дәуіріне жататын қандай олжаларды тапты?
Ежелгі дәуір тарихының алғашқы даму кезеңі - Тас дәуірі. Тас дәуірі өз ішінде - Палеолит, Мезолит, Неолит және Өтпелі кезең - Энеолиттен тұрады. Әрбір кезең өз ішінде бірнеше бөліктерге бөлінеді. Әсіресе, кезеңге бөлу - Палеолит кезеңіне тән. Қазақстандық тарихшылар арасында Палеолит кезеңінде - кіші кезеңдерге бөлуді екі түрлі көзқарас қалыптасқан. Бір тарап оны екіге бөледі 1. Ерте Палеолит Б.з.б. 2,6/2,5 млн ж.ш. - б.з.б 40/35 мың ж. 2. Кейінгі Палеолит Б.з.б. 40/35 мың ж. - б.з.б 12/10 мың ж...
ОРТАҒАСЫРЛЫҚ НОҒАЙЛЫ МЕМЛЕКЕТІ
Ноғайлы атауы Алтын Орда заманында моңғолдардың батысқа жорық кезінде көзге түскен түменбасы Ноғайдың есімімен байланысты. ХІІІ ғасырдың екінші жартысында Қара теңіз маңы, Молдавия мен Болгарияның билеушісі болып Ноғай (Берке ханның немере інісі) тағайындалып, оған XIV ғ. Ноғайлар (ноғай татарлары) деп атала бастаған, негізінен қыпшақтардан тұратын 30 мың әскер бөлінді. Ноғай қыпшақтық Алтын Орда хандығында үлкен ықпалға қол жеткізді. Ол Днепрден Дунай сағасына дейінгі, сонымен бірге Болгария мен Молдавия жері енетін, Қара теңіз маңының жартылай тәуелді билеуші болды[1, 68б]...