Жалпы бұл аталмыш мемлекеттер өзара бір-бірімен салыстыратындай несімен ұқсас дегенге келсек - бұл мемлекеттердің барлығы мәдениетімен, дін ұстаным жағынан ұқсас келеді. Бірақ мемлекеттік билікті иелену жүйесінде біраз айырмашылықтар бар. Осман империясында билікті берудің тік жүйесі орнықты. Тіпті билікті иемденіп кетуге қарсы "Фатих" заңыда жүзеге асып отырды. Яғни, жоғарғы билік иесінің - билігіне қауіп төндіруі мүмкін деген желеумен
сұлтанның ағайындылары өлтіріліп отырды. Кейін бұл әдіс сұлтанның бауырларын сарай бөлмелеріне қамаумен алмастырылды...