🕌 🇰🇿 🪶📖 📚 Әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр Әл-Фараби 📚 📖🪶🇰🇿 🕌
Көне қала,көне шаһар Отырар, Қиялымды мың сан ойға батырар. Жібек жолын тоғыстырып жаһанмен Керуендерді көркіменен шақырар. Ұлы бабам Отырарда туылған, Кіндік жібі осы жерде буылған. Бала болып шомылып ең Арысқа Осы суға жаялығың жуылған. Ұлан едің шыққан дешті қыпшақтан Өсіп-өнген қарапайым қыстақтан. Туған жердің бесігінде тербеліп Туған өлке саған қалам ұстатқан. Кітапхана болды осында сәулетті, Мұндай кітап қорын ешкім көрмепті. Тіпті мұндай кітапхана болмаған Рұм қаншалық болсадағы дәулетті...
Ұйғыр қағанатының қысымымен Жетісуға қарай ығысқан қарлұқтар Орталық Азия халықтарына қалай әсер етті
744 жылы Орталық Азияның Шығыс Түркістан аумағын мекендеген Екінші Шығыс Түрік қағанаты (682-744 жж.) басмылдар, ұйғырлар және қарлұқтар біріккен күшімен талқандалып, билікке басмылдар келген болатын. Бірақ басмылдардың билігі ұзаққа созылмай ұйғырлар мен қарлұқтардың біріккен күшімен талқандалды. Ұйғырлар мен қарлұқтар одағында - ұйғырлар басым болып, соңғысын бұл жерден ығыстыра бастады. Ұйғыр қағанатының қысымына шыдамаған қарлұқтар Түргеш қағанатына құрамындағы Жетісу аймағына қоныс аударды...