sfd
Республикалық форум: Жастық жалынымыз – сүйікті Отанымызға
Биыл – адамзат тарихындағы ең қасіретті де қасиетті күндердің бірі саналатын Ұлы Жеңістің 80 жылдығы. Бұл – сан миллиондаған жүректің табандылығы мен ерлігінің жемісі. Сол Жеңістің шежіресінде Орта Азия халықтарының ішінен жарып шыққан, Шығыстың қос шынары атанған Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметовадай батыр қыздарымыздың өшпес ерлігі алтын әріптермен жазылды. Ерліктің қос қанаты саналған батыр қыздарымыздың жанқиярлығы мен Отанға деген шексіз махаббаты – бүгінгі ұрпаққа өлшеусіз өнеге, шексіз рухани байлық...
Неге Орталық Азия ұғымы әртүрлі аспектіде қарастырылады?
Жалпы, Еуразия құрлығының аймақтық бөлісінін этникалық емес географиялық тұрғыда аудандастырып айту - ол Еуропалық саяхатшыларының пікірімен қалыптасқан. Еуропалықтар үшін өздері саяхаттап жүрген аймағын ұлттық, тілдік не діни тұрғыдан атағаннан қарағанда географиялық аудандастыру тұрғысынан атаған қолайлы болды. Әрине, Еуропада орналасқан елдердің саяхатшыларының көзқарастары бірдей болмай, бастапқы кезде географиялық аумақтарды әртүрлі елдерді кіргізіп, тіпті алып тастап отырды. Мұндай көзқарастарға саяси факторлар әсер етіп отырды...