Түрік, түркімен, әзірбайжан, түркомандар және Иранды мекендейтін түркі тілдес халықтардың бастауы Дамыған ортағасырларда Сырдария бойында өз мемлекетін құрып, Жетісудан көшіп келген Оғыздардан бастау алады. Анадолия түбегіндегі түріктер өздерін осы Оғыздардан таратады. Оғыз атауын мағынасын әлікүнге тарихышлар нақты айта алмайды. Бірнеше жорамалдар бар. Ерте ортағасырларда Оғыз атауымен бірнеше тайпалық бірлестіктер өмір сүрген. Біздің Қазақстан жерінде Дамыған ортағасыр кезінде өмір сүрген Оғыз мемлекеті - өздерін Батыс Түрік және Түргештерден тарқатады...
ХVIII ғасырдың аяғында Орта жүзде Абылай ханның қайтыс болуымен, Кіші жүзде Сырым Датұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалыстың әсерімен ықпалды хандар дәуірі аяқталды. Осы жағдайды мейлінше руаралық, сұлтандар арасындағы қақтығыстарды үдете отырып, нәтижеге қолжеткізген Ресей империясы - хандарға тәуелсіз билік бермеуге тырысты. ХІХ ғасырдың бас кезінде Ресей империясының әсерімен жүздің ішіндегі мәселені шеше алмайтын деңгейге жетті. ХІХ ғасырдың бас кезінде Орта жүзде Уәли ханның беделін төмендету үшін жапсарлас Бөкей сұлтанды(Бөкей Ордасын құрушы емес) хан етіп сайлады...