Цифрлы Қазақстан - білім беруді дамытудағы нақты қадам.
"Менің білім берудегі философиям". Сәлеметсіздер ме, мен Кенжеева Алтынай Тортайқызы Алатау ауданы №180 жалпы білім беретін мектептің тарих пәні мұғалімі болып жұмыс жасаймын. Педагог-модератор санатындағы ұстазбын және қазіргі таңда өзімнің мамандығым бойынша "Тарих біліміндегі цифрлы технологиялар" бағытында магистратурада білім алудамын. 2017 жылы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметі "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы жарлығы жарияланды....
Шыңғыс хан - қазақ па?
Академиялық ортада мұндай сұрақ қойылмайды. Академиялық тарих мамандығы бойынша дипломын алып, өзін тарих ғылымын дамыту жолына арнаған азаматтар - Шыңғыс ханның моңғол екендігін баяғыда мойындап қойған. ХІІІ ғасырда Моңғолия империясы мен Юань империясы дәуірінде жазылған тарихи жазбалар - Шыңғыс ханның моңғол екендігін шегелеп қойған. Ол шегені қанша суырамын десеңде, суырып - басқа шегемен алмастырамын деп қиялдасаңда - шамаң жетпейді. Шыңғыс ханның өзін моңғол халқымен, өзі құрған Моңғол империясының атынан сөйлегендігін есепке алмағанда...