Феодалдық экономика ерекшеліктері неде?
Ортағасырлық кезең - феодалдық құрылыспен ерекшеленетіндігі белгілі. Бірақ, Феодализм - құл иеленушіліктен жағымды болғанымен өте қарама-қайшылыққа негізделген жүйе. Жоғарғы феодалдан алған жерді - уақытша ала отырып, арықарай сенімгерлікпен тапсырып отыру. Сенімгерлік жойылған жерде - иелікте жойылады. Үздіксіз соғыс жағдайында - жоғарғы басшылық/ қожайын тапсырған сенімділікті ақтау оңай емес. Алайда, қалалы елді-мекендердің тірлігі - сырттағы шаруалардың борышқорлығына байланысты болғанымен, қала тұрғындары ішіндегі сауда байланысын - цех қызметкерлері (қолөнершілер) мен саудагерлер жасайды...
ХІІІ ғасырда құрылған моңғол империясы мемлекетінің құрылуын - мемлекеттердің пайда болуы жайлы теориясы аясында талдау
1. Теократиялық. Бұл теорияға сәйкес мемлекет — Құдайдың ісі. Кез келген мемлекеттік билік Құдайдан. 1.11242 жылы жазылған авторы белгісіз "Моңғолдың құпия шежіресі" кітабында Шыңғыс ханның, моңғолдардың және моңғол империясының құрылуын моңғол халқының анимистік және тотемистік түсінігімен байланыстырады. Тылсым дүниемен байланыс жасайтын бақсылардыңда рөлі айтылады. Темучинге Шыңғыс атағын берген бақсы қойғандығы тарихтан белгілі. "Моңғолдың құпия шежіресі" кітабында бірнеше мәрте бурхун, бурхун тауы атауы кездеседі...