⚖️ Өңірлің теңсіздік туралы 3️⃣0️⃣ қорытынды ▪️ № 2️⃣9️⃣ қорытынды – Денсаулық сапасы мен экологиялық қауіпсіздіктің өмір сапасына әсері туралы 🔍🌐 Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінің (LSE) және Экономикалық зерттеулер институтының (ERI) сарапшылары орындаған Қазақстан өңірлеріндегі қала және ауыл тұрғындарының сапалы өмір жағдайын қалай қабылдайтыны туралы жалпыұлттық зерттеу шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Азия даму банкінің Білім және тәжірибе алмасудың бірлескен бағдарламасының «Өңірлік теңсіздікті зерттеу» жобасы шеңберінде, көрсеткіштер арасындағы корреляциялық байланыстар зерттелді. 🟦 Қазақстанда әл-ауқатты зерттеуде негізгі факторлар субъективтік әл-ауқат, материалдық жағдайлар және өмір сапасы болып табылады. ✔️ Зерттеу нәтижелері бойынша денсаулық сақтау және экология саласындағы өмір сапасының көрсеткіштері: денсаулық жағдайы, қоршаған орта сапасы, экологиялық ұйымдарға деген сенім деңгейі, ауа ластануының жоғары деңгейі арасындағы маңызды корреляциялық байланыстар анықталды. 🔶 Денсаулық сақтау саласындағы бағалау келесіні көрсетті: 🔸респонденттің жасы неғұрлым ересек болса, денсаулық сапасы соғұрлым төмен болады және денсаулыққа қатысты мәселелер күнделікті іс-әрекетке кедергі келтіреді; 🔸балалар саны неғұрлым көп болса, халықтың денсаулығы соғұрлым нашар болады; 🔸қаржылық қанағаттану неғұрлым жоғары болса, денсаулық сапасы соғұрлым жоғары болады және күнделікті өмірдегі денсаулық мәселелері соғұрлым аз болады. 🩺👨🏻🦱 Денсаулық сақтау деңгейі мен ауруханалардың қолжетімділігі арасындағы байланысты бағалау кезінде ауруханалардың қолжетімділігі неғұрлым жоғары болса, халықтың медициналық қызмет көрсету деңгейіне қанағаттануы соғұрлым жоғары болатынын көрсететін маңызды корреляциялық байланыс анықталды (r=0,452). 🔷 Зерттеу барысында экологиялық қауіпсіздік саласындағы маңызды байланыстар атап өтілді: 🔹халықтың тұрғылықты жеріндегі қоршаған орта сапасына қанағаттану деңгейі неғұрлым жоғары болса, экологиялық ұйымдарға деген сенім деңгейі соғұрлым жоғары болады; 🔹ауаның ластану деңгейі неғұрлым төмен болса, халықтың тұрғылықты жеріндегі қоршаған орта сапасына қанағаттану деңгейі соғұрлым жоғары болады. 📊 Өңірлік әл-ауқатты бағалау барысында денсаулық сапасының жасына, балалардың болуына және қаржылық әл-ауқат деңгейіне тәуелділігі анықталды. Денсаулық сапасы - адамның әл-ауқатының кепілі. 🪴 Экологиялық қауіпсіздікке қатысты ауаның ластану деңгейі неғұрлым төмен болса және экологиялық ұйымдарға деген сенім неғұрлым жоғары болса, қоршаған ортаның сапасына қанағаттану соғұрлым жоғары болады, демек, экологиялық қауіпсіздік жағынан халықтың әл-ауқаты да жоғары болады. 🏥 Өңірлік билік тарапынан денсаулық сапасын жақсарту үшін халықтың жасына байланысты скринингтер, халықтың қаржылық өмір сүру деңгейін жақсарту мәселелерінде қолдау қажет. 🏙️ Өңірлерде экологиялық қауіпсіздікті нығайту үшін экологиялық ұйымдардың қызметін қолдау, ауаның ластану деңгейін, әсіресе индустриялық әлеуеті жоғары және көліктік жүктемемен өңірлерде бақылауда ұстау қажет. #Регионы #Аймақтар #Regions
📉 Коммуналдық инфрақұрылым сапасының төмендеуі Абай облысында тұрғындардың әл ауқатының төмендеуіне әкеледі 🗺️ 2023 жылы Қазақстанның ең жас облыстарының бірі Абай облысында тұрғындарға халықтың әл-ауқатының ағымдағы жай-күйін зерделеуге бағытталған сауалнама жүргізілді. 2022 жылдың 8 маусымында құрылған облыс көрнекті қазақ ақыны және ойшылы Абай Құнанбаевтың құрметіне аталған. 🔎 Зерттеу екі қала мен үш ауылдық елді мекенді қамтыды, 57,6% әйелдерге және 4 42,4% ер адамдарға сауалнама жүргізілді. 📑 Сауалнама нәтижелері өз жұмысына қанағаттанбаған респонденттер санының 1,7 есе айтарлықтай өскенін анықтады. Тұрғын үй жағдайына қанағаттану 5,2%-ға төмендеді. Осыған қарамастан, өңірде жұмысқа орналасу мүмкіндіктеріне қанағаттану деңгейінің аздап өсуі байқалады. 📈 Халықтың экономикалық жағдайы жақсарды. Қаржылық әл-ауқат 5,76-дан 6,85 балға дейін өсті, ал «күнкөріс» қиын адамдардың үлесі 55,2%-дан 47,6%-ға дейін төмендеді. 🩺 Медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне қанағаттану деңгейі өсті. Өз денсаулығын теріс бағалайтын респонденттердің үлесі 1,6 есе өсті, бірақ бұл ретте өңірде ауруханалар жеткілікті деп есептейтіндердің үлесі 1,6 есе өсті. Медициналық қызмет көрсету деңгейіне қанағаттану 5,5%-ға өсті. 🏡 Өңірде электр, жылу және сумен жабдықтауды, сондай-ақ кәрізді қоса алғанда, коммуналдық инфрақұрылымның сапасы айтарлықтай нашарлады, бағалау 0,40-тан 0,98 балға дейін төмендеді. Алайда, жолдардың, 1,89-дан 2,05 балға дейін және көліктің, 1,81-ден 1,85 балға дейін аздап жақсаруы байқалады. 🧑🏻🤝👩🏻 Әлеуметтік байланыстардың сапасы тұрақты болып қалады, дегенмен жақын адамдарынан көмек алу мүмкіндігі аздап төмендеді. Жақындарымен «жиі» сөйлесетін респонденттердің үлесі 1,4 есе өсті. Өңірдегі қауіпсіздік деңгейі 1,3 есе төмендеді. 👨🏻🎓 Жоғары және арнаулы орта білімі бар халықтың үлесі 7,4%-ға өсті. Респонденттердің шамамен 41,7%-ы мамандық бойынша жұмыс істейді. 🏫 Мектепке дейінгі және жоғары білім беру объектілерінің жеткіліктілігін бағалау 1,2-1,3 есе өсті, бірақ мектептердің жеткіліктілігін бағалау 3,6%-ға нашарлады. 🌳 Қоршаған ортаның сапасы нашарлады, қанағаттанғандардың үлесі 1,2 есе төмендеді, ал сыни қанағаттанбағандардың үлесі 3 есе өсті. Өңірде және әсіресе қалаларда сыбайлас жемқорлық деңгейінің өсуі байқалады, тұрмыстық сыбайлас жемқорлық 2,7 есе өсті. ✅ Зерттеу Абай облысындағы өмірдің оң және алаңдатарлық аспектілерін анықтады. Экономикалық жағдай мен медициналық қызметтердің жақсаруы жұмысқа және тұрғын үй жағдайларына наразылықтың өсуімен, сондай-ақ қоршаған орта сапасының нашарлауымен және сыбайлас жемқорлық деңгейінің жоғарылауымен үйлеседі. ▪️ Бұл нәтижелер халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін аймақтық биліктің назарын қажет етеді. #КачествоЖизни #ӨмірCапасы #LifeQuality 💻 институттың веб-сайтына сілтеме 💻 ақпараттық ресурсқа сілтеме