Уважаемые абитуриенты!
Ульяновский ГАУ в 2023 году объявляет набор на уникальную образовательную программу 06.03.01 – Биология по профилю «Микробиология».
В 2020…2021гг. весь мир и наша страна в том числе, столкнулись с небывалой эпидемиологической угрозой. За короткое время пандемия полностью изменила наше мировоззрение, коренным образом трансформировав структуру отечественной лабораторной диагностики. Пандемия стала вызовом для лабораторной отрасли в целом и службы микробиологии в частности.
Микробиологическая...
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мәселелері қаралды. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Сайлауалды бағдарламасында ғылым елдің бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік беретін өндірістің жаңа технологияларына бағытталатынын атап өтті. Бұл экономиканың нақты секторында қазақстандық әзірлемелерді қолдануға және ғылымға бағытталған ұлттық жүйені кезең-кезеңімен қайта құруға жол ашады. Министрдің айтуынша, коммерцияландыру туралы заңның қабылдануымен 2016, 2017 және 2018 жылдары Ғылым қоры грант алуға үш конкурс өткізді, оған 1 270 өтінім түсті. Іріктеу және сараптама нәтижесінде 150-ден астам жоба мемлекеттік қолдауға ие болды. Оларды іске асыру 140 ғылымды қажет ететін өндірістің құруылуына әкелді, бұл ретте 15 жоба экспортқа шықты, ал тағы бес жоба 1 млрд теңгеден астам сатылым жасайтын деңгейге жетті. Өткен жылы жаңа конкурс өткізіліп, оған 152 өтінім түсті. Бүгінгі таңда 72 жоба қаржыландыруға мақұлданды, грант алушылармен 68 шарт жасалды. Салалар бойынша жобалар портфелі негізінен ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және химия өнеркәсібі салаларындағы бастамалардан тұрады. Министр 2023-2025 жылдары ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды қаржыландыру сомасы екі есе өскенін айтты. Сонымен қатар ЖОО жанындағы ғылыми-технологиялық парктерді дамытуға конкурстық негізде қаражат бөлу жоспарланып отыр. Осы тақырып бойынша Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығының бас директоры Аманкелді Саданов баяндама жасады. Баяндамашыларды тыңдап болғаннан кейін, Премьер-Министр отандық ғылымның әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін оны республикалық бюджеттен қаржыландыру соңғы екі жылда екі есеге жуық өскенін атап өтті. «Жетекші ғалымдарға еңбекақы төлеу базалық қаржыландыруға қосылған. Іргелі ғылыми зерттеулерге қаражат бөлінеді. Әзірленіп жатқан ғылыми жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру ұзақтығы 5 жылға дейін ұлғайтылды. Жас ғалымдарды қолдау үшін гранттар мен стипендиялар бөлінеді, олардың ғылыми еңбектерін жариялау белсенділігі артып келеді», — деді Әлихан Смайылов. Үкімет басшысының айтуынша, соңғы жылдары ғылым туралы заңнамаға елеулі өзгерістер енгізілді, ғылымды дамыту тұжырымдамасы бүкіл ғылыми қоғамдастықпен бірге іске асырылады. «Қоғам ғылыми-технологиялық саладан нақты өзгерістерді, ғылыми жаңалықтардың нақты экономикада қолданылуын күтіп отыр. Осыған байланысты ғылыми зерттеулердің нәтижесін арттыру, оның ел экономикасының дамуына қосатын үлесін ұлғайту үшін ауқымды жұмыс қажет», — деді Премьер-Министр. Үкімет басшысы ғылыми ұйымдар мен кәсіпорындардың үйлесімді жұмысын қамтамасыз етіп, өзара іс-қимылдың белсенді алаңдары мен механизмдерін құруы қажеттігін атап өтті. Одан бөлек, ең перспективалы ғылыми бағыттардағы тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың үлесін арттыру қажет. Бұлардың қатарында атом және сутегі энергетикасы, цифрлық технологиялар, жасанды интеллект, биотехнология, биоқауіпсіздік, нейроғылым сияқты салаларды атап көрсетуге болады. «Ғылымның инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында Парламентпен жеке инвестициялар үшін қосымша преференциялар енгізуді пысықтау жұмыстарын жеделдету қажет. Бұл ғылым саласының заңнамалық базасын қайта қарауды талап етеді», — деді Әлихан Смайылов. Қорытындылай келе, Үкімет басшысы «Ғылым және технологиялық саясат туралы» жаңа заң жобасын әзірлеп, оны маусым айында Парламентке енгізу, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін коммерцияландырудың жаңа механизмдерін ескере отырып, ғылымды дамытудың қолданыстағы тұжырымдамасын өзектендіру, «Атамекен» палатасымен бірлесіп, еліміздің жетекші университеттері мен ірі кәсіпорындарының жанынан мамандандырылған инжинирингтік орталықтар мен технологиялық парктерді құру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қажеттігін атап өтті. «Ғылыми институттардың, университеттердің және өндірістің тиімді өзара іс-қимылы ғылымның дамуына және жаңа ғылыми жобаларды өндіріске енгізуге оң серпін береді», — деді Әлихан Смайы or