Қазақ ру-тайпалық бірлестігінің - Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз атану себептері:
Аталмыш этнологиялық, тарихи сұрақпен айналыспаған тарихшы кемде-кем шығар. Тіпті, шетелдік зерттеушілерде өз пікірін айтып, жорамалын хатқа түсірген. Мұндай ізденістерді - Ш. Уәлиханов, В. Бартольд, М. Вяткин, С. Аманжолов, Т. Сұлтанов, С. Мұқанов, Б. Ахмедов өзінің теориялық негіздемелерін айтқан болатын. Аталмыш тақырыппен айналысушы тарихшыларда баршылық. Осыдан, он шақты жыл бұл магистратурада оқып жүрген кезде бізге сабақ берген Зарықбек Сламбекұлы жүз ұғымын - беткей деп түсіндірген болатын...
Әбілқайыр ханның Анна Иоанновна патшайымға жазған хатының себептері мен салдары қандай болды? №2. Қазақ хандығының ішкі жағдайы
Әбілқайыр ханның Қазақ хандығының Кіші жүз бөлігін - Ресей империясының құрамына кіргізуіне ішкі жағдай әсер еткені сөзсіз. Тәуке ханның қайтыс болуымен үш жүзде - үш ханның пайда болуы Қазақ хандығын бейорталықтандырылған, конфедеративтік бірлестікке айналдырды. Әрбір жүзде Тәуелсіз хандардың сайлануы - Аға ханның мәртебесін әлсіретті. Аға хан билігі номиналды, символдық бейнеге айналды. Әрине, Аға хан мәртебесіне ие Болат ханда - бүкілқазақ хандығының құрылтай жиналысын шақыру, құрылтай жиналысы аясында төтенше шаралар қабылдауға құқығы сақталды...