Кіші жүзде Сырым Датұлы көтерілісі осы аймақта хан беделін әлсіреткеннен кейін, Жайық пен Еділ бойында Нұралы ханның ұлы Бөкей сұлтанның хан атануы - Ресей империясының отарлық билігі үшін өз билігін орнықтыру үшін жағдай туғызды. 1810-1820 жж. Хиуа хандығы мен түркімендердің Кіші жүздің оңтүстігіне жойқын ұйымдастыруына қарсы қарсылық көрсетуге тырысқан Арыңғазы сұлтан Ресей империясынан қолдау таппады. Шерғазы ханға - Ресей империясы билік жүргізуге мүмкіндік бермеді. Кіші жүзде Арыңғазы мен Шерғазы хандар арасында текетірестер көбейді...
ХІІІ ғасырда Моңғолия даласында нақты айтсақ 1206 жылы барша көшпелі тайпаларды бір мемлекетке біріктірген Темуджин (Шыңғыс ханды) қазаққып шығарғысы келетіндігі өз алдына бір топ. Бәлкім оларға импералистік сана тіпті осы біздің халықтан әлемдік тарихқа әсер ете алған тұлғалар шықпаған ба-деген сұрақ мазалағаны анық. Оларға Әбу Насыр әл-Фараби жетпейтін сияқты. Жә, қойшы әйтеуір жиналып алып, Шыңғыс ханды қазаққып шығарғысы келеді. Ол моңғол. Бірақ Қазақ халқына, Қазақ мемлекеттілігіне, Қазақ тарихына қатыстылығы бар...