Оғыз мемлекетінің құрылуы мен "оғыз" атауының мағынасы жайлы жорамалдар
Қазіргі кезде оғыз атауының мағынасы мен құрылуы уақыты жайлы бір тоқтам жоқ. Бірақ ешкім Оғыз мемлекетінің құрылуына шүбә келтіре алмайды. Сырдария өзені мен Арал теңізінің бойында өмір сүрген Оғыз мемлекетінің құрылуы уақыты жайлы бірнеше жорамалдар бар. Біреулер оны ІХ ғасырда құрылды десе - Екіншісі 766 жылы құрылды дейді. Оғыз мемлекеті ІХ ғасырда құрылды дейтіндер - 840 жылы Саманиліктердің Қарлұқ қағанатына шабуылдап, ірі қалаларын басып алумен байланыстырады. Яғни, Қарлұқ қағанаты әлсіреген тұста - Оғыздар өз мемлекетінің құрылғандығын жариялады дейді...
ХІІІ ғасырда құрылған моңғол империясы мемлекетінің құрылуын - мемлекеттердің пайда болуы жайлы теориясы аясында талдау
1. Теократиялық. Бұл теорияға сәйкес мемлекет — Құдайдың ісі. Кез келген мемлекеттік билік Құдайдан. 1.11242 жылы жазылған авторы белгісіз "Моңғолдың құпия шежіресі" кітабында Шыңғыс ханның, моңғолдардың және моңғол империясының құрылуын моңғол халқының анимистік және тотемистік түсінігімен байланыстырады. Тылсым дүниемен байланыс жасайтын бақсылардыңда рөлі айтылады. Темучинге Шыңғыс атағын берген бақсы қойғандығы тарихтан белгілі. "Моңғолдың құпия шежіресі" кітабында бірнеше мәрте бурхун, бурхун тауы атауы кездеседі...