Жеңіс – халықтар бірлігінің жемісі
Тарихтың тар жол, тайғақ кешулерінде халықтардың бірлігі мен ынтымағы үлкен сынақтардан өтті. Әсіресе, Ұлы Отан соғысы кезінде сан ұлт өкілдерінің тізе қосып, ортақ жауға қарсы күресуі осының айқын дәлелі болды. Жеңіс – тек қарудың күшімен ғана емес, халықтардың ауызбіршілігі, ортақ мақсат жолындағы бірлігі мен табандылығының нәтижесінде келген ұлы жетістік. Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңес Одағының құрамындағы барлық халықтар майдан мен тылда бір кісідей еңбек етті. Қазақ, орыс, украин, беларус, өзбек, татар, грузин және басқа да ұлт өкілдері қан майданда ерлікпен шайқасты. Қазақстандықтар да бұл жеңіске өлшеусіз үлес қосты...