Найти в Дзене
Көкжөтел
Көкжөтел қоздырғышы – Bordetella pertussis бактериясы. Инфекция ауа-тамшылы жолмен беріледі. Ауру жыл бойы кездеседі, бірақ көбінесе жаз айларында жиі тіркеледі. Көбінесе 10 жасқа дейінгі вакцина алмаған балаларда кездеседі. Адамдардың шамамен жартысында инфекция симптомсыз өтеді, бірақ олар инфекцияның көзі болуы мүмкін.  Көкжөтелдің үш кезеңі бар: катаральды кезең, пароксизмалды кезең және аурудың басылу кезеңі. 1.Катаральды кезең. Бұл кезеңнің ұзақтығы шамамен 1-2 апта. Аурудың белгілері осы кезеңде ЖРВИ-дің белгілері сияқты : жөтел, мұрыннан су ағу, температураның сәл көтерілуі мүмкін....
1 год назад
Бала неге көп терлейді
Терлеу организмнің қалыпты қызметі, денеде 2-4 млн тер бездері бар. Көпшілігі алақанда, табанда, маңдайда, қолтықта орналасқан. Терлеу арқылы организм салқындайды. Бала терлеуі себептері : ✅Терморегуляция орталығы жетілгенше, яғни денедегі ыстық пен салқынды реттейтін орталық дамығанша 1 ай мен 6 жас аралығында терлеу қалыпты. ✅ОРВИ кезінде: температураны түсіру үшін және токсиндер шығару үшін. ✅Нерв жүйесінің қозуы, эмоция,жылау : бұл кезде ересектерде алақан терлесе балаларда бас,мойыны терлейді. ✅Ауа температурасы жоғары. ✅Баланы қалың киіндіру, орап тастау. ✅Гормондар. ✅Қимыл-қозғалыс. ✅Зат алмасу аурулары, журек аурулары, бұлар тек 1-3%жағдайда ғана...
1 год назад
Герпангина
Герпангина – бұл дене қызуының көтерілуі және ауыз қуысының кілегей қабаттарында пайда болатын бөртпелермен көрінетін жедел өтетін инфекциялық ауру. Аурудың тарихи атауына қарамастан, оның герпес вирустарына ешқандай қатысы жоқ. Аурудың қоздырғыштары ретінде энтеровирустардың 20-дан астам серотиптері болуы мүмкін, көбінесе Коксаки А тобының вирустары, сирек жағдайда Коксаки В тобының вирустары және эховирустар. Жиі 7 жасқа дейінгі балаларда кездеседі, бірақ кейде жасөспірімдер мен ересектерде де болуы мүмкін...
1 год назад
Жөтел диагноз емес
Жөтел, диагноз емес, бір симптом, яғни белгі, организмнің қорғаныс қабілеті. Сау адамда да жөтел болады.Тыныс жолдарына, өкпеге жиналған шырыш, қақырық, бөгде заттарды сыртқа шығару үшін жөтел пайда болады. Жөтелдің қызметі - өкпені тазарту. Жөтел белгілі бір ауруға байланысты болады : -баланың мазасын алатын ұзақ жөтел -куркілдеп жөтелу -сырылды жөтелу -"ит үрген" сияқты жөтелу(лающий) -жеңілдік әкелмейтін жөтел -қақырықты жөтел -ысқырықты жөтел -2-3 күннен ұзақ жөтел. Қандай ауруларда жөтел...
1 год назад
Желшешек(ветрянка)
Желшешек қоздырғышы,яғни тудырушы — желшешек және белдемше теміреткіні қоздыратын вирус герпестің 3-типі. Адам алғашқы жұқтырғанда желшешек пайда болады.Жазылғаннан кейін де вирус жұлын жүйке түйіндерінде қалады, ал ондаған жылдардан кейін белдемелі теміреткі ретінде көрінуі мүмкін. Қалай жұғады? Вирус ауа-тамшы жолымен немесе бөртпелермен тікелей контакт кезінде жұғуы мүмкін. Желшешекпен ауырған адамда бөртпе пайда болғанға дейін шамамен 1-2 күн бұрын, аурудың барлық элементтері қабыршақпен толығымен жабылғанға дейін, шамамен 8-10 күнге немесе соңғы бөртпелерден кейін 5 күнге дейін жұғады...
1 год назад