PR- дың сиқырлы әлемі немесе PR деген не?
Сәлем достар! Мен бүгін сіздермен өзім оқып жатқан шығармашылық пен мүмкіндікке толы — PR мамандығы туралы сөйлескім келіп тұр.
Менің бұл салада білім алып жатқан 2 жыл уақытым креативке, мүмкіндіктерге, ғажайып білімге толы қызықты жол болды!
Біздің сабақтарымыз тек дәрістер ғана емес, бұл нағыз шытырман оқиға! Біз тек теорияны зерттеп қана қоймай, оны бірден іс жүзінде қолданамыз. Біз жарнамалық роликтер жасаймыз, қызықты жобалар қорғаймыз, СММ бойынша жұмыс істеуді үйренеміз, тіпті өз блогтарымызды жүргіземіз...