Найти в Дзене
О Айыртау табиғаты қандай ғажап.Алаштың ақын серілері туған аймақ .Ақан сері Қосқөл Сырымбетте әнін шерткен.Үкілі Ыбырай сал серілер жүріп өткен. Ағынтай Қарасай батырларға мекен болған.Қазақтың біртуар ұлы Шоқан өскен..Имантау Шалқар көлдері бар.
1 год назад
Куба Республикасы.Солтүстік Америка құрлығында Үлкен Антиль арал архипелагында Куба атты аралда орналасқан.Жер көлемі 110мың км2.Батыстан шығысқа дейін Арал 1200кмге созылып жатыр .Аралдың ең енді жері 100км ,ең енсіз жері 40км.Халқы 11млннан астам.мемлекеттік тілі испан тілі.Халқының құрамы негізінен ақ нәсілді Испаниядан шыққан испандықтар галисийліктер каталондықтар .Сонымен қатар Африкадан келген қара нәсілді халықтардың ұрпақтары көп шоғырланған .Халқының бір бөлігі мулаттар мен метистер және 100мыңға жуық қытай басқа европалықтар бар.Куба атауы үндіс тілінде байырғы халқы үндістер аравак таино тайпаларын отаршылдар түгелімен жойып жіберген.Үндістердің азын аулақ өкілдері елдің шығысында анклав болып сақталған ұзын саны бірнеше мың ятерастықтар деп аталады.Европалықтар келгенге дейін үндіс тайпаларының өзіне тән рулық тайпалық өркениеті болған .Олар балық аулау маниок басқа дақылдар өсірумен шұғылданған.Испвн конкискадорлары оларды аяусыз қырып жерлерін тартып алған Атуэй Гуам атты көсемдері бастаған үндістер көтеріліс жасап ерлікпен испандықтар мен күрескен .Жерд тің тарлығы отаршылдардың зеңбірекпен мұздай қаруланған әскері үндістердің тауға тықсырып отырып көсемдерін келісізсөзге шақырамыз деп алдап тұтқынға түсіріп өлтірген.Қалғандары тауға қашқан.Үндістерді жойып жібергеннен кейін плантация жұмыс істеуге Африкадан мыңдаған қара нәсілді құлдарды әкелген.Куба халқы тарихында көптеген кезеңдерді отаршылық зардабын көре отырып.1953жылы Фидель Кастро бастаған жас патриоттар Сантьяго қаласындағы Монкада казармасына шабуыл жасады.Кубада революцияның басталуына ұйытқы болды.Монкада казармасына шабуыл жасаған 135 патриот көтерілісшілерді диктатор Фульхенсио Батистаның ұлттық гвардиясы талқандады Фидель Кастро және 12серігі тірі қалып тұтқынға алды Сотта Фидель Кастро мені тарих ақтайды деген.Империалистерге күресімді тоқтатпайым деген .Халықаралық жағдайға байланысты халық наразылығы болмасын елден қуылған еді .Фидель Кастро Мексикаға кетіп онда колонна дайындап күресін жалғастырды .1956жылы Гранма желкенді кемесімен 80адамдық отрядпен Мексикадан Куба жағалауына түсті.Онда 1000адам Батиста әскерімен қақтығысып кейін шегініп Сьерра Маэстро тауына шегінді .Туркино асуында база лагерь құрып диктатор Батистамен күресті жалғастырды қасында серіктер Хуан Альмейьда Камило Сьенфугос атақты Эрнесто Че Геваре болды .Көтерілісшілер армиясы 600жетті.Елдің басқа аудандарында партизан отрядтары колонналар құрылып көтеріліс майданға ұласты .Көтерілісшілер армиясы халықтың қолдауымен біраз жеңіске жеттік.Екінші майдан ашылып Камило Сьенфугос басқарды .Сантьяго қаласы басып алынып Гаванаға жорыққа дайындалды.1959жылы көтерілісшілер армиясы Гавана астанасын алды.Батиста құлап елден қашты.Сол жылдары Кеңес Одағы әскери көмек берді.Соның нәтижесін Куба Социалистік мемлекет.Одан 1962Кариб дағдарысы болып Кеңес өз әскерлерін 2000мың зымырандарын шоғырландырған еді.
1 год назад
Жуырда Түркістан қаласында Халықаралық Қожа Ахмет атындағы қазақ -түрік университетінде Түркі әлемінің бірінші халықаралық география конгресі өтті.Бұл конгреске Түркі тілдес елдердің ғалым оқытушы мұғалімдері қатысып тәжірибе алмасты. Конгресті ұйымдастыруға Қожа Ахмет Яссауи атындағы қазақ түрік халықаралық университеті,.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,Су шаруашылығы қауіпсіздік институты,Республикалық География Атаулы мектебі ұжымдары атсалысты.Конгресте климаттың ғаламдық өзгеріс туралы айтылып Түркия ,Өзбекстан Қырғызстан ,Қазақстан ғалымдары өз тәжірибе ойларымен бөлісті.Секцияда мұғалімдер өз баяндамаларын оқыды.Сонымен қатар Орта ғасырдағы Қазақстан мен Орта Азия елдерінің Еуропа мұражайларында зерттеген ғалым картограф Мұхит Ардагер Сыдықназаров өз тұсаукесер карталардың көрмесін ашып көрсетті.
1 год назад